Бауырым? Жар іздесең, құлақ түр!!!
Бауырым? Жар іздесең, құлақ түр! Дүниеде сірә сендей маған жар жоқ, Саған жар менен артық табылса да! АБАЙ Соңғы ғасырдың жастары бір-бірімен танысып-білісіп, кездесіп жүріп үйленгенді құп көреді. Және осы жағдайда дұрыс таңдау жасаймыз деп ойлайды. Бұл көзқарас қаншалықты дұрыс? Жасандылық Кез келген некесіз қарым-қатынас жасандылыққа құрылады. Себебі, отбасын құрып көрмеген жастар араларындағы достықты тек сезіммен ғана өлшейді. Адам табиғатынан солай, егер бір жанды ұнатқан болса, оның кемшіліктерін байқамайды, керісінше, ұнатпаған болса, тек нашар тұстарын көреді, біржақтылыққа бой...