« ЖЕР ТЕП-ТЕГІС. КІМДЕ КІМ ОНЫ ШАР ТӘРІЗДЕС ДЕСЕ, ОЛ КӘПІР БОЛАДЫ ЖӘНЕ ЖАЗАҒА ЛАЙЫҚ»
« ЖЕР ТЕП-ТЕГІС. КІМДЕ КІМ ОНЫ ШАР ТӘРІЗДЕС ДЕСЕ, ОЛ КӘПІР БОЛАДЫ ЖӘНЕ ЖАЗАҒА ЛАЙЫҚ»

Уаһабист ибн Баздың кезекті тағы бір "сандырағы"

«Жүре берсең - көре бересің» екен. Қазіргі таңда Сауд Арабиясының басты шейхтарының бірі Абдулазиз ибн Баздың ақылға қонбақ түгілі, үш ұйықтасаң да ойыңа кіріп шықпайтын «фатуасын» естідім. Шыны керек, оны оқыған кезімдегі жағдайымды айтып жеткізу өте қиын. Жағамды ұстадым. 

Жә, сонымен, ол не айтты? « ЖЕР ТЕП-ТЕГІС. КІМДЕ КІМ ОНЫ ШАР ТӘРІЗДЕС ДЕСЕ ОЛ КӘПІР БОЛАДЫ ЖӘНЕ ЖАЗАҒА ЛАЙЫҚ». Ал, бұған не деуге болады? Жердің домалақтығын Аллаһ бір аятта: يُكَوِّرُ اللّيْلَ عَلَى النّهَارِ وَيُكَوِّرُ النّهَارَ عَلَى اللّيْلِ ﴾ «Түнді күндіздің үстіне, күндізді түннің үстіне орайды» Зумар 5-аят) – деп анық айтады. Араб тілінде «такуир» сөзі домалақ нәрсенің сыртына бір нәрсені орау, байлау деген мағынаны білдіреді. Демек, жер шар тәріздес болғандықтан күн мен түн үшін «орайды» сөзі қолданылып отыр. Күн мен түннің тәулік бойы өзара алма-кезек ауысып отыруы – Жер шары домалақ пішінде болған жағдайда ғана жүзеге асады. Міне, Құран осылайша «такуир» сөзі арқылы Жердің шар тәріздес екендігін білдіруде. «Назиғат» сүресінің отызыншы аяты жер пішінінің аздап сопақтау екендігін: وَاألَْرْضَ بَعْدَ ذَلِكَ دَحَاهَا «Содан кейін жерді түйе құсының жұмыртқасы пішініне келтіреді» – деп айқын білдіреді. Енді жұмыртқа домалақ болмағанда, енді тегіс пе? Сонда бұл ибн Баздың қай «сасқаны»?

Әлбетте, ибн Баздың  бұлай деп айтуына бір-ақ себеп бар. Ол  теріс ақидада екені мәлім. Ол Алланы аспанда деп жүрген муджассим,  Аллаға мекен беретін, Құраннын аяттарының мәджәзи (ауыспалы) мағынасын қабылдамай, тіке түсінетін адасқан адам.

Оған: « Алла мекенге мұқтаж емес. Африкадағы адам Алланы аспанда десе, Оңтүстік Америкадағы біреу Алла аспанда десе, Афстралиядағы біреу де соны айтса... Сонда не болады? Алла асанда деу географиялық тұрғыдан да қате екенін көріп отсыз ғой»,- делінгенде, оның берген жауабы: «ЖЕР ТЕП-ТЕГІС. КІМДЕ КІМ ОНЫ ШАР ТӘРІЗДЕС ДЕСЕ ОЛ КӘПІР БОЛАДЫ ЖӘНЕ ЖАЗАҒА ЛАЙЫҚ». Нәғузу билләһи мин зәлик.

Кезінде ол кісіге Египет пен Сирия, Морокко мен өзге де елдердің шейхтары қарсы жауап жазып, үнін өшірген болатын. Сол оқиғаладың бірі, Сириялық бір шейх ибн Баздың Құран аяттарын тіке түсініп, ауыспалы мағына жасамайтынын ескеріп, оның қақ алдында Исра сүресінің 72-аятын оқып, мағынасын сұрайды. Аятта: «Кімде кім осы дүниеде соқыр болса, ақыретте де соқыр болып, анық адасады»,-делінген.  Ибн Баз соқыр болатын. Ол бұған әрине, жауап бере алмай үнсіз қалды.

Осыдан кейін олардың ақидасымен кім жүреді? Көзі ашық, көкірегі ояу адам ілеспейтіні ақиқат. Оларға өздері секілді соқыр адамдар ғана ілеседі. Алла бізді олардың «әдемі» сөздерінен сақтап, пайдалы ілім беріп, тура жолдан адастырмасын!

 САБЫРҒАЛИЕВ НҰРЛЫБЕК

ибн баз
Нурлыбек СабыргалиевНурлыбек Сабыргалиев
8 жыл бұрын 26692
1 пікір
Блог туралы