Шейх Мухаммад Аууама: БІЛІМ ІЗДЕНУШІГЕ ҚАЖЕТТІ АЛТЫН КЕҢЕСТЕР. Үшінші кеңес
Шейх Мухаммад Аууама: БІЛІМ ІЗДЕНУШІГЕ ҚАЖЕТТІ АЛТЫН КЕҢЕСТЕР. Үшінші кеңес

Шейх Мухаммад Аууама: БІЛІМ ІЗДЕНУШІГЕ ҚАЖЕТТІ АЛТЫН КЕҢЕСТЕР. Үшінші кеңес

Білім жолындағы ұмтылыс пен құрбандық

Үшінші қағида осыған дейін айтылған кеңестерден шығады: яғни, студент ілім игеру үшін өзіне маңызды болған кез-келген нәрсені құрбан етуге дайын болу керек.

Студенттің айтылған қағидаттарды орындауы мен ықыласының көрсеткіші — оның күннен-күнге келесі екі нәрседе құлшынысының артып отыруы:

  • Оның білімді игеруге деген махаббаты мен ынтасы.
  • Әр сәт өткен сайын игерген білімін бақылап, қадағалауы.

 

Ақынның сөзінде айтылғандай:

«Менің өмірім азайған сайын түндердің жеміссіз бітуімен мен көп нәрсе жоғалтпаймын.» 

Бұған қатысты бізге дейін өткен буындардан, тіпті олардың балаларынан қалған әр түрлі көкірекке ой салар мысалдар бар. Имам Сахауи (рахимахуллаһ) өзінің “Фатхуль Мухиз” кітабында (2/313) айтады:

«Сәләма ибн Шәбиб (рахимахуллаһ) бізге өте сирек кездесетін таңғажайып оқиғаны баяндады. Ол: «БізЯзид ибн Харуннің қасында болған едік. Ал, адамдар болса оның жанына топталып жиналып жатыр еді. Олар жиналып жатқан уақыта бір бала олардың аяқтарының астында тапталып қалған болатын. Язид ибн Харун (рахимахуллаһ) ол баланың тапталып қалғанын байқап адамдарға қарап айтты: «Аллһ Тағаладан қорқыңдар! Мына балаға не болғанын көріңдер.» Адамдар баланы тексеруге кірісті. Ол баланың көзі шығып кеткен болатын. Бірақ, оған қарамастан әлгі бала Шейхқа қарап: «Йә, Әбу Халид (яғни, Язид ибн Харун), бізге көбірек білім бер» деп сөйлеп жатты. Осы жерде ұстаз даусытап:

«Шын мәнінде біз Аллаға тәнбіз әрі Оған қайтарыламыз»

«Бұл бала осындай жағдайына қарамастан, білім талап етіп жатыр!» деді.»

Шариф Ат-Тилмисани (рахимахуллаһ) (х.б. 710-771 жж.) қысқа ғұмыр кешті. Не бәрі 61 жыл. Ол кісі сегізінші ғасырға тиесілі болса да, Мутақаддимин (ерте заман ғалымдары) қатарына кіреді. Ол кісі өзінің ұстазы Әбу Зайд ибн Әл-Имамның (рахимахуллаһ) дәрісінде отырған кезде, ұстазы жәннәт пен оның нығметтері жайында айтып бастайды. Шәкірт ұстазынан: «Бізге жәннатта білім талап етуге мүмкіндік беріледі ме?» деп сұрады. Ұстазы (Әбу Зайд) болса оған адамның жәннәтта қалаған нәрсесін алатындығын ескертіп, «йә» деп, жалпылама жауап береді. Сондықтан, сіз білім алуға талпынсаңыз, Алла Тағала бұны сізге жаратып береді (яғни, сіз ол нәрсеге қол жеткізесіз). Шәкірт ұстазына: «Сіз маған жәннатта ешқандай білім болмайды деген болсаңыз, мен сізге жәннатта ешқандай рахат жоқ дер едім» деген екен. Шейх (Әбу Зайд) шәкіртінің бұл сөздеріне дән риза болып оған дұға жасайды. Бірнеше жыл өтер-өтпестен тап сол студент білімде биік деңгейге жетеді. Бір күні осы студент Имам Әбу Зайд (рахимахуллаһ) ұстаздың дәрісінде отырған кезде ұстаз бір мәселеге қатысты қателік жіберді. Имам Тилмисани (рахимахуллаһ) ұстазға оның қате тұсын баян етті. Осы кезде ұстаз өзінің пікірінен қайтып имам Тилмисаниге(рахимахуллаһ) дұға жасап, кейін қалжың ретінде келесі өлең жолдарын жазған:

Мен оған күнде садақтан оқ атуды үйреттім,

Қолы үйренген соң, ол мені атты.

Мен оған поэзия үйрету үшін көп уақыт құрттым,

Үйреніп алған соң ол мені мазақ етті!”

Бұл екі мысал имам Ибн Ата’уллаһ Әл-Искандаридің (рахимахуллаһ) “Әл-Хикамуль Ата’ийяһ” кітабында келген мәлімдемесінің дұрыстығын көрсетеді:

Кімде-кім білімге жанып тұрған ынтасыз кірісетін болса, ол жарқын болашақ күте алмайды.”

Бұл біздер, білім талап етуді бастағандар үшін — алғашқы кезеңде ғибрат алып, солардың жарқын болашағына жетелейтұғын керемет үлгі.

Жалғасы бар…

Нурлыбек СабыргалиевНурлыбек Сабыргалиев
8 жыл бұрын 3193
0 пікір
Блог туралы