Шейх Мухаммад Аууама: БІЛІМ ІЗДЕНУШІГЕ ҚАЖЕТТІ АЛТЫН КЕҢЕСТЕР. Төртінші кеңеc
Шейх Мухаммад Аууама: БІЛІМ ІЗДЕНУШІГЕ ҚАЖЕТТІ АЛТЫН КЕҢЕСТЕР. Төртінші кеңеc

Шейх Мухаммад Аууама: БІЛІМ ІЗДЕНУШІГЕ ҚАЖЕТТІ АЛТЫН КЕҢЕСТЕР. Төртінші кеңеc

Ілім амал үшін

Төртінші қағида білім жолындағылар үшін қаншалықты қатысты болса, барша мұсылмандарға де соншалықты қатысты. Ал, білім жолындағы адам үшін білім алудағы басты мақсат білімге сай амал етуекенін әрдайым өзінің жүрегінде және ойында жүру керек. Білім дәріс беру мен сөз сөйлеу үшін немесе ассамблея мен конференциялар үшін, талқылау мен пікірталас үшін талап етілетін нәрсе емес. Тіпті білімтахқиқ (зерттеу) немесе талиф (жинақтап, жинап қою үшін) үшін де талап етілмейді. Білім амал үшін талап етіледі. Білім талап етуде көзделінетін жалғыз мақсат — алған білімге амал ету. Білім алған студент Алла Тағаланың тауфиқымен надандық пен адасудан әуелі өзін, кейін қалған үмметті де сақтап қалады. Нәтижесінде, ол Алла Тағаланың таңғажайып көмегімен ғалым немесе ұстазқазы немесе мухтади жәнеАлланың дініне шақырушы атанады. Бұл — пайдалы білімнің нәтижесі. Расулуллаһ (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) әр таңда фажр намазынан кейін бізге бұл нәрсені Алла Тағаладан сұрауды үйретті.

xxx

“Иә, Алла! Маған пайдалы білім, халал рызық және қабыл болған амалдар нәсіп ет.»

Алла Елшісі (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын), сонымен қатар, пайдасыз білімнен де Алла Тағаладанпана тілеп, дұға ететін болған. Оған ешқандай зиян әкелмегенімен ешқандай пайда әкелмейтін білім де кіреді.  Алайда, ешқандай пайда әкелмейтін білім шындығына келгенде зиянды. Себебі, сол пайдасыз нәрсе үшін білім талап етуші өзінің уақытын, күш-қуатын және қаражатын жұмсайды да, оның орнына ештеңе алмайды. Осылайша ол ұтылады. Сондықтан, пайдасыз білімнен Алла Тағаладан пана іздеуге көбірек себеп бар.

Қысқаша имам Науауидің (рахимахуллаһ) келтірген білімнің үш түрін атап өтуге болады:

  • Пайдалы
  • Зиянды
  • Пайдалы емес және сырттай ешқандай зияны жоқ.

Алла Тағаладан сұрайтын және ұмтылуға лайықты білім – пайдалы білім. Ал, білімнің қалған түрлерінен бізАллаһТағаладан пана тілеуіміз керек.

Келесі дұға – Сайидуна Абдулла ибн Омардың (оған Алла разы болсын) тиләуәт сәждесінде жасаған дұғасы.

Ескерту: Шейх өзінің аудиожазбасында: «Сайидуна Абдулла ибн Омардың (оған Алла разы болсын) келесі дұғаны тек қана тиләуәт сәждесінде  ғана арнайы жасағандығы жайлы айтылмағанын ескертеді.Имам Ибн Аби Шәйба келесі дұғаны тиләуәт сәждесі бабына кіргізгенімен, Абдулла ибн Омар (оған Алла разы болсын) бұл дұғаны әрдайым жасап жүруі әбден мүмкін. Біз сәждеде, иә болмаса басқа жағдайда болайық келесі дұғаны әрдайым тілеп жүруіміз керек. Cөздің соңы.»

cc

“Йә, Алла! Менің тәнім Саған сәжде етеді, Саған ғана менің жүрегім сенеді. Йә, Алла! Маған пайдалы білім және менің дәрежемді көтеретін амал бере гөр.”

Пайдалы білім дегеніміз — адамды сол білімге амал етуге апаратын ілім және мүмкіндігінше амалға тез жетелейтін білім. Себебі, адам әрдайым алған білімінің оған пайдалы болудың орнына қарсы құжат болуынан қорқады. Бұл мұсылман үмметінің ерекше табынан талап етіледі: ғұламалар мен білім жолындағы студенттер. Және қалған мұсылмандардан да осы нәрсе талап етіледі. Қашан да адам Исламға қатысты ілім алса, сол сәтте білімін іске асыру қажет.

имам Захаби (рахимахуллаһ) өзінің “Сияр а’ламин-Нубәлә” кітабында (14/63) Әбу Усман әл-Хиридіңөмірбаянын келтіріп жатып, ол кісінің қашан да бұрын игермеген нәрсесін үйренген бойда алған біліміне амал ететіндігін баян еткен.

имам Захаби (рахимахуллаһ) Хатиб әл Бағдадидің (рахимахуллаһ) өзінің “әл-Джами’ли ахлақир-рауи уа адабис-сами’” кітабында (1/145) келтірген оқиғаны меңзеп тұр.  Ол Әбу Джа’фар Ахмад ибн Хамдан ән-Найс Әбуридің (рахимахуллаһ) Сахих Муслимге жасаған мустахраджін (мустахрадж дегеніміз автордың барлық хадистерді өзіне дейін үздіксіз тізбекпен жеткізген жинағы) хадистердің дайындағандығын, кейін сол кітаппен Шам мен Құптан намаздарының арасында мешітке келген жамағатты оқытқандығын айтады. Оның досы Әбу Усман әл-Хири өз алдына ұлық имам бола тұра сол кісінің сабақтарына қатысқан.

Бір күні Әбу Усман (рахимахуллаһ) Құптан намазын оқушылармен бірге Әбу Джағфардың сабағына қажылыққа кетіп бара жатқан адамға ұқсап екі бөлек-бөлек тұратын киіммен келеді. Әбу Джағфардың(рахимахуллаһ) ұлы әкесінен сұрайы:

«Әбу Усман (рахимахуллаһ) ихрам киіп қажылыққа бара жатыр ма, әлде умраға бара жатыр ма?». Әкесі оған:

«Жоқ, Ол менің «Сахих Муслимнің Әл-Муснадус-Сахих» бойынша өтіп жатқан сабағыма қатысқан. Бұрын білмеген нәрселерін үйренген уақытта сол нәрсені келесі күнге немесе келесі түнге қалдырмай амал ету оның әдеттерінен еді. Бүгін ол Құптан намазына дейін Алла Елшісінің (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) құптан намазын екі бөлек-бөлек киім киіп келіп оқығандығын естіп сол сүннетке таң атқанша амал еткісі келгендігі.»

Әбу Джа’фар (рахимахуллаһ) өзіне қатысты болған нәрселерді айта келе өзінің бір кезде имам Әбу Абдулла Мухаммад ибн Наср әл-Маруазидің (рахимахуллаһ) жиынында бесін намазының уақыты кіргенде болғандығын айтады. Имам Мухаммад Ибн Наср (рахимахуллаһ) орнынан тұрды да азан айтты.  Мен азан езтіген соң мешіттен шығып бара жатқанда Мухаммад ибн Наср (рахимахуллаһ) менен: «Сен қайда бара жатырсың?» деп сұрады. Мен оған: «Мен намаз оқуға дәрет алу үшін шығып бара жатырмын дедім.». Ол болса: «Мен сенен бұдан да жақсысын күткен едім. Сен қалайша дәретсіз халде намаздың уақытының кіруіне мүмкіндік беріп қойдың?!» - деді. (әл-Джами’ ли ахлақир-рауи уа адабис-сами’; 1/43)

Бір күні бір шәкірт имам Ахмадтың (рахимахуллаһ) қонағы болады. Қонаққа деген құрметтен имам Ахмад(рахимахуллаһ) қонағының бөлмесінің жанына түнде тахаджудке (түнгі намаз) тұрған уақытта алдынан дайын тұрған суды тапсын деген ниетпен кішкене су апарып қояды. Таң атысымен түннен қалған судың пайдаланылмағандығын көріп имам өте қатты аң-таң болады. Сол халінде қатты дауыспен: «Субханалла! Қалайша? Қалайша түнгі намазға тұруды әдетке айналдырмастан бір адам білім ізденіп жүруі мүмкін?»деп саңқ ете түскен. (әл-Джами’ ли ахлақир-рауи уа адабис-сами’)

Жалғасы бар…

 

Нурлыбек СабыргалиевНурлыбек Сабыргалиев
8 жыл бұрын 4056
0 пікір
Блог туралы