БІЛІМ ІЗДЕНУШІГЕ ҚАЖЕТТІ АЛТЫН КЕҢЕСТЕР. Екінші кеңес
БІЛІМ ІЗДЕНУШІГЕ ҚАЖЕТТІ АЛТЫН КЕҢЕСТЕР. Екінші кеңес

Шейх Мухаммад Аууама: БІЛІМ ІЗДЕНУШІГЕ ҚАЖЕТТІ АЛТЫН КЕҢЕСТЕР. Екінші кеңес

Білімнің мәртебесін ерте ұғыну

Білім талап етушінің екінші ескеру керек мәселесі — игеріп жатқан білімінің даңқы мен оның жоғары дәрежесі. Білім оған екі түрлі міндет жүктейді. Біріншіден, ол барынша көп білім алу үшін бұл құрметті жолда бар нәрсесін құрбан етеді (яғни, көптеген дүниелік нәрселерден бас тартады). Әсіресе, Алла Тағалабұл үмметтің ішіндегі миллиондардан өзін таңдағанын түсінген уақытта бұл сезім, бұл сипат адамның бойында одан сайын күшейе бастайды. Екіншіден, ол жоғары бағалы білімді қорғауға әрі оны жаман атақтан сақтауға уәде береді. Егер де студент бұл білімнің мән-мағынасы мен жоғары деңгейін түсінбейтін болса, ол ешқашан бұл екі міндетті атқара алмайтын болады.

Әлбетте, студент Алла Тағаланың бұл мейіріміне, оған берген осындай мүмкіндігін мақтан тұту керек. Әсіресе, оның жастық шағының достары дәрігер немесе инженер болып жатқанда, «мен дін білімін ғана меңгердім»«мен бар болғаны имаммын» немесе «мен тек Жұма хұтбасын жүргізушімін»  дегендей ойлар туындап оның еңсесін түсіріп, өзін басқадан кем көрмеуі керек. Ол адам өзінің бұйырып немесе тиып жатқан нәрселері, ақиқатында, Алла Тағаланың бұйрықтары мен Алла Тағаланың тиымдары екенін түсінуі қажет. Ол адамның бір нәрсемен келісіп-келіспеуі Алладан келіп жатқандай (яғни, білім алған адам бір нәрсеге қатысты үкім бергенде ол Алланың дінінің атынан сөйлеп жатқандықтан, ол Алланың бұйрығымен тең деген мағынада). Ол Алланың сөзін сөйлейді және Алла Тағала оның сөзін құптап, қуаттайды. Бұдан асқан қандай мәртебе болуы мүмкін!

Мешітте имам болған күннің өзінде де, ол адам — жаратылыс пен оның Раббысының арасындағы делдал. Барша адам намаз уақытында сол имамға ұюға міндетті және олардың Алламен байланысы сол имам арқылы жүреді. Бұл Алланың заңдарын түсінген адам үшін ең жоғарғы мақам.

Білімнің құны мен даңқы және ол білімді игерген адамның  орны туралы ұзақ уақыт әңгіме өрбітуге болады. Бірақ, мен басқаларға үлгі болуға жеткілікті болатын тек қана бір аспектпен ғана шектелгім келіп отыр.

Алла Тағала Құран Кәрімде иман жолын көрсетіп, оған қол жеткізу жолын күллі адамзатқа баян етті. Құран Кәрімді адамзатқа жеткізетін, түсіндіріп беретін біреу керек болғандықтан Алла Тағала өзінің елшісі ретіндеМұхаммедті (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) шақырушы, жеткізуші әрі аударушы (яғни, Алланың айтқысы келгенін біздің тілімізде түсінікті етіп жеткізуші) ретінде жіберді. Дегенмен, өмір мен өлім барша адамзатқа қатысты болғандықтан, Алланың Елшісіне де (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) жетті. Сондықтан, оның аманат қып қалдырған мұрасын халыққа жеткізетін адамдар керек. Алла Тағала Өзінің хикметімен ол адамдарды ғұламалардан тағайындады. Нәби (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) оларды өзінің мына бір сөздерімен бекітіп кеткен:

«Ақиқатында ғұламалар — Пайғамбарлардың мұрагерлері»

Алла Тағаланың ізбасарының деңгейінен тек Пайғамбарлардың деңгейі ғана жоғары тұрады. Бұл ізбасарлар — бүгінгі күннің білім ізденушілері, ертеңгі күннің ғалымдары және болашақтың муфтилері.

Мен сіздерге Имам Ибнул-Қайимнің «Илмамул-муаққиин» кітабында келген мынадай құнды сөздерін келтіргім келіп отыр. Ол кісі былай деп жазады:

«Алла Тағаланың хабарын жеткізу міндеті жеткізіліліп жатқан білім мен жеткізушінің ықыласына негізделгендіктен, тек қана сапалы білімді және ықыласты адамдар ғана бұл орынға (яғни, Алланың білімін жеткізуге) лайықты. Бұл хадистерді риуаят етумен және пәтуа берумен іске асады. Олар өздерінің не жеткізіп жатқанын білуі міндетті және ол нәрсені ықыласпен істеуі керек. Бұған қоса, жеткізуші адам жеткізіп жатқан нәрсесі мен істеп жатқан амалдарын жақсы мінез-құлық, әдеп және әділдікпен қосарлап алып жүру керек (яғни, бірі бірінсіз жеке дара жүрмеу керек). Оның барлық істері: жеке басына және мемлекетке қатысты істерінде бірдей болуы қажет (яғни, жеткізуші адам жеке қалғанда немесе өзінің таныс адамдарының арасында өзін бір түрлі, ал басқа істерге келгенде өзінің жүріс-тұрысын өзгертіп «тақуа» болып қалмау керек). Әлемнің Раббысының атынан іс атқару – талассыз амал. Бұл ең жоғарғы артықшылық, ең жоғарғы дәреже саналады. Расында, әлемдердің Раббысы болған Алла Тағаланың атынан Оның міндеттерін орындаудан артық қандай абырой, қандай мансап болуы мүмкін!?

Бұл орынды иеменденуге мүмкіндік алған адамнан лайықты дайындық пен өзін осы қызметке тиянақтау күтіледі. Ол өзінің қандай орынға тағайындалғалы жатқанын анық сезініп, біліп, түсіну керек. Ол ешқашан шындықты айтудан қорықпау керек, себебі Алла Тағала оны қолдайды және осы жолда көмекші болады. Біздің айтқан бұл сөзіміздің растығын Алла Тағаланың келесі сөздерінен анық білуге болады:

«(Мұхаммед) олар сенен, әйелдер жайында пәтуа сұрайды.

Айт: «Аллаһ сендерге олар жөнінде пәтуасын білдіреді”» (4:127)

Бұл сөздердің абырой мен атақты көрсетуге жеткілікті. Алла Тағала басқа жерде айтады:

«Олар сенен пәтуа сұрайды. Оларға айт: “Алла сендерге «Кәлала» (өзінен кейін бабасын да, ұрпағын да қалдырмайтындар) жайында пәтуа береді”» (4:176)

Сондықтан да, муфти пәтуа беріп жатырған уақытында өзін Алла Тағала атынан беріп жатқанын ұғу керек. Ол өзінің берген пәтуасы жайлы Қиямет Күні сұралатынын және Алла Тағаланың алдында тұратынына сенімді болу керек.

Соншалықты мәртебелі әрі жоғарғы орынға лайықты алғашқы адам болып елшілердің басшысы, тақуалардың имамы, барша пайғамбарлардың мөрі, Алла Тағаланың барша жаратылысқа жіберген құлы, елшісі және уәкілі (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) тағайындалды.» (үзіндінің соңы)

Өзінің бұл сөздерінде, Имам Ибнул-Қойим (рахимахуллаһ) Алла өзінің Расулына (Елшісіне) (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) берілген кейбір мәселелерге қатысты үкімді Өзі шығарып бергендіктен,муфтийдің Алла Тағаланың Халифасы (өкілі) екенін ерекше көрсетіп кеткен. Сондықтан, ол өзінің кітабына келесідей мағыналы әрі ерекеше атау берген:

«Әлемдердің Раббысының атынан қызметшілер мен (үкім) бекітушілерді тәрбиелеу.» Оның бұл сөздермен білдіргісі келіп тұрғаны: муфтий бір нәрсеге үкім шығарғанда немесе бекітіп, қол қойғанда ол негізінен аспан мен жердің Раббысы,  Әлемдердің Раббысының атымен қол қойып жатыр. Басқаша айтқанда, муфтийдің айтқаны немесе жазғаны, шын мәнінде, — Алла Тағаланың және Алла Елшісінің (Оған Алланың игілігі мен сілемі болсын) үкімі.

Бұл теңдесіз орынды иеленген адамның мүмкіндігінше толық әрі асқақ сипаттармен сипатталуы маңызды.Имам Ибнул-Қaйим бұл сипаттамалардың кебіреуін атап кеткен.

Айтып кеткендей, білім деңгейінің ең төменгісін иелену үшін бұл жолға түскен адам өзіне ең қымбат әрі ең жақын болған нәрселерін құрбан ету керек. Шынында, бұл — Алла Тағаланың әрі Аллаһ Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мұрасының  өкілі болудың дәрежесі мен құны. Ақиқатында, бұл — шендердің ең игісі және иеленуге мүмкін болған мақамның (орынның) ең жоғарғысы.

Бүгінгі күннің студенті, ертеңгі күннің ғалымы және болашақтың муфтийлердің Патшалардың Патшасы болған Алла Тағаланың қызметшісі атанғанынан-ақ Алла  Тағаланың сол адамға берген ұлы дәрежесін көре аламыз. Сондықтан, осы орынға лайық болған адам үшін бұл жоғарғы мәртебені жанымен, тәнімен қорғау аса маңызды.

Алла Тағала оны қандай дәрежеге көтергенін түсінгендей, білімнің дәрежесін түсіну — білім жолына түскен судент үшін өте маңызды.

Сонымен қатар, білім өте кең әрі қасиетті, сондықтан кімде-кім бұл білімнің қасиетті де құрметті құқықтарын орындайтын болса, білім де оның абыройын және дәрежесін арттырады. Ал, кімде-кім бұл құқықтарын орындамайтын болса, соның өзі масқара болады, білім емес.

Білімнің дәрежесі әрдайым биік, себебі білімді Алла Тағаланың өзі асқақтатып қойған. Біздің айтып отырған біліміміз, әлбетте, Құран Кәрімге және сәулетті Сүннетке сай білім. Алла Тағала ешқашан Құран Кәрім мен сәулетті Сүннетті еріккеннің ермегімен айналысушылардың құралы етпейді.

Осы кеңесті айту барысында Шейх аудиториядан Шейх Али әт-Тантауидің (рахимахуллаһ) “Pиджал Минат-Тарих” атты кітабында керемет етіп баян етілген ұлы имам Асад ибн Фураттың өмірінен үлгі алуды өтініп жатқан. Қысқаша айтқанда, Имам Асад ибн Фурат (рахимахуллаһ) — өз заманының өте сыйлы адамы болған. Ол тіпті мұсұламан әскерінің қолбасшысы да болған. Өмірінің соңында ол кісі өзінің әскеріне былай деп насихат айтып кеткен: «Уа, адамдар! Алланың атымен ант етейін! Маған дейін менің ата-бабамның ешқайсысына басшының киімі кигізілмеген және олардың ешқайсысына маған көрсетілгендей құрмет көрсетілмеген. Мен қандай да бір жетістікке жетсем тек қана білім арқылы ғана жеттім. Сондықтан да, өздеріңді білім алып жатқандарыңа сенімді болыңыздар. Егер де сіздер білім жолына өздеріңіздің ақылдарыңыз бен тәндеріңізді арнайтын болсаңыздар, сіздер екі дүниенің жақсылығына жетесіздер.»Бұл — оның шейіт болып жан тапсырғанға дейін айтылған соңғы сөздері. Алла оны рақымына бөлесін.

Жалғасы бар…

Нурлыбек СабыргалиевНурлыбек Сабыргалиев
8 жыл бұрын 3616
0 пікір
Блог туралы