"Ей,болашақ жар, аяулы ана! Сені тездетіп тұрмыс құрудан не тосып жүр?"
"Ей,болашақ жар, аяулы ана! Сені тездетіп тұрмыс құрудан не тосып жүр?"

"Ей,болашақ жар, аяулы ана! Сені тездетіп тұрмыс құрудан не тосып жүр?"

Мен таңқаламын. Көптеген қыздарға таңым бар. Бір намазхан,білімді,тақуа жігіт бір намазханша қызға «сөз салса», яғни үйленейік десе, қыздың жауабы:
- мен үйленуге әзір емеспін;
- оқуым керек
;
- ата анамды асырауым керек
;
- сені танымай жатып калай бірден үйленемін
?;
- сенің түрің ұнамайды
;

-бір-бірімізді танып алғанша қыз-бен жігіт секілді жүре тұрсақ т.с.с.


        Қызық!!! Сонда қыздарға (бәріне емес әрине) не керек? Сылтау ма? Байлық пен «сұлулық» па? Алде кездесіп, қол ұстасып жүру керек пе? Субханаллаһ! Қазір тіпті түр мен беделге (авторитетке) қарайтын уакыт емес. Және де жүру де шариғатта жоқ.
        "Үйленуге әлі ерте" дейді. Ерте десең ол кейінге шегеріле береді. Қыз бойжетіп, жасы ұлғайған сайын егер тұрмысты тездетіп кұрмаса, ойы бұзылады, шайтан азғырады. Жігітпен жүріп күнә жасайды. Жатыры қатайып кетеді. Міне, сол себепті неге өзінен үлкен, әрі тұрақты қызметі бар жігітке неге тұрмысқа шықпасқа? 
        " Оқуым керек",- дейді. Күйеуі: "Оқымайсың, үйде отыр. Жанұяны өзім асырайтын жағдайдамын. Сен – менің ұпағымды тәрбиелейтін анасың. Балаға уақыт бөл"-десе, тіпті оқыған мамандығы бойынша жұмыс жасатпаса не істейді? Күйеуіне қарсы шыға ма? Қыз бала оқу оқысын. Бірақ оқуын тұрмыстан жоғары қоймасын. Тұрмыс құрып та оқуға болады. Қазір оқу оқымаса "надансың" деген заң жоқ. Одан да ақыретке пайдасы бар отбасы, бала тәрбиесі мен жолдасы алдындағы міндетті оқып білсін. Бала тәрбиелесін. Үйдің алдынан дүкен салып, шағын бизнес ашсын. Күйеуін қуанып шығарып салып, қуанып қарсы алып, киімін жуып, өзге де әйелдік міндеттерін орындасын. «Баланы балабақша бағып тәрбиелейді» деп қол сілтемейік. Балабақшадан гөрі балаға ана тәрбиесі керек. Күйеуімен жарысып, далаға шығып, жұмыс жасап, өзге жігіттердің көздеріне түсіп не керегі бар? "Әйелдің мешіті- үйі",- деген Пайғамбарымыз (с.ғ.с). Үйге жұмыстан шаршап кеп, не күйеуіне, не баласына қарамай  күнә жасағанша, жәннатқа апаруға басты себепкер күйеуіңе қызмет ет! Әйелдерге Аллаһ жұмыс істеп, нәпәқа тап деп бұйырмады. АЛЛАНЫҢ РАЗЫЛЫҒЫ МЕН ЖӘННАТЫН КӨЗДЕГЕН ӘЙЕЛ ҮЙ ІШІН ХАН САРАЙЫНА АЙНАЛДЫРУҒА БАР КҮШІН САЛАДЫ. ДАЛАНЫ ЕМЕС.
        " Ата-анамды бағамын", -дейді.... Кім айтты қыз ата-ананы бағады деп? «Қыз мұраты – кету». Ол өз үйінде тек қонақ. Әке қызын ертерек тұрмысқа беруге дайындау керек. Қыз балаға ата-ана бағу міндет емес. Ұл ғой бағатын. Қыз енді ата-енесін бағу керек.
        " Сені танымай калай бірден үйленіп кетемін?",- дейді. Адам адамды ешқашан толық тани алмайды. Жақсы адам ертең аяқ астынан өзгереді. Адамның қандай екені оның ұстанатын діні, болмысына тән мінезі мен тағылымға толы мәнерлі сөзінен бірден білінеді. Егер ол расымен де тақуа жігіт болса - біліп қой! Ол сені ешқашан бақытсыз етіп, қор қылмайды.
        " Түрің ұнамайды",-дейді. АЛЛАҺ ЖАРАТҚАН ТҮРГЕ ОЛ НЕ ҚЫЛАДЫ? Әлде түрді өзі әдейі таңдап алды дейді ме екен? АЛЛАҒА қарсы шығып тұрғанын сол қыз біле ме екен? Түрі жаман болса да иманды, білімді болса, сені жылатпай бақытты етсе, жәннатқа жетелеп, білім берсе, әйелге басқа не керек? Түсінбеймін. 
        "Бір күні ұсқынсыз жігіт өте сұлу әйелге сөз салады. Қыз оның тақуалығын ескеріп қабыл алады. Жұрт сұлу қыздан неге олай еттің деп сұрағанда, қыз: 
-Oл мендей сұлу қызға үйленгеніне ШҮКІР етті. Ал мен осындай жігітке тұрмыс құрғаныма "жазғаны осы" деп САБЫР еттім. ШҮКІРШІЛІК ЕТУШІ ДЕ, САБЫР ЕТУШІ ДЕ ЖӘННАТТЫҚ ЕМЕС ПЕ?",- депті сонда әлгі әйел.
        Міне, қандай иман? Нағыз Алланың разылығы мен жәннат үшін өмір сүргісі келетін осындай мақсатты көздеген қыздар. СУБХАНАЛЛАһ!!!

        Қыздардың көп ойлайтыны: «Егер тез үйленіп кетсек жараса алмай қаламыз. Жүре тұрайық қыз бен жігітке ұқсап»,- дейді. Субханаллаһ...Он жыл жүріп үйленіп бір ай тұра алмаған адамдарды көзбен көрдім...Не деген ысырап болған есіл уакыт-ай. Жай ғана  бар ғой, кей қыздарда "Аллаға тәуекел жоқ"... Жігіт намазхан. Бірак САБЫРСЫЗ делік. Әрине кемшіліксіз адам жоқ. Қыз салақ, қолапайсыз не қырсық делік. Үйленген соң жәннатқа барам деп мақсат қойып, Аллаһ разылығы үшін мінезін өзгертсе, құран мен сүннетке ЕКЕУІ де ұмтылып, бір бірлерін түзесе, неге бірден үйленбеске жүріп зина жасап күнә еткенше? ИСЛАМ қазіргі заманда да " қыз бен жігіттің жүруіне" тыйым салды. Және болашақта да солай. Сонда кейбір қыздар Исламға күмән келтіргені ме? Бір бірімен ұзақ жүрмей бақытты болған Пайғамбар (с.ғ.с) мен сахабалар ше? Ата бабамыз ше? Біле білсек олардың махаббаттары қазіргілерден де жақсы болды. Неге? Сонда олар жүруді білмеді ме? АЛЛАҒА ТӘУЕКЕЛ ЕТІП, ИСТИХАРА ОҚЫП, неге бірден тұрмыс кұрмайды екен? Әлде ол қыз Алланың Құрандағы "екі жұбайлардың арасына махаббат саламыз" деген аятына күмән келтіргені ме? Біле білсе шариғатта заң бар мынандай: "О Алла қайырлы болса нәсіп қыл, Қайырсыз болса қашық қыл. АЛҒАНША емес ол қызга, АЛҒАННАН КЕЙІН ғашык қыл",- деген... Үйленуге дейін арада махаббат болмайды. Симпатия жеткілікті. Кейін Алла өзі уәде бергеніндей екі жұбай арасына махаббат орнатады. Солай айтылған Құранда.... Енді ше? Ойланайық!!!!

 САБЫРҒАЛИЕВ НҰРЛЫБЕКТІҢ КҮНДЕЛІГІНЕН

Нурлыбек СабыргалиевНурлыбек Сабыргалиев
8 жыл бұрын 10739
13 пікір
  • Жарайсың,Нурлыбек бауырым!!!
    8 жыл бұрын
  • Сенің "Ислам және оркениет"газетіндегі кыска балак туралы жазган макалаңа ризамын,сендей білімді інішектерім коп болғай.(аумин).
    8 жыл бұрын
  • Құрметті Жанболат бауырым. Расында барлық мақтау Аллаға лайық.Менің еңбегімді бағалап, осындай пікірлер айтып отырғаныңызға рахмет. Не айтсам да, дініме қалтықсыз қызмет етіп, білетінімді жеткізсем, басқа мақсатым жоқ. Аталмыш қос мақала болашақ ана, өзгенің түнінін түтетін аяулы жар болатын қыздарға.жалпы әйел затына арналады. Қыздарымыздың сауатына қатты алаңдаймын.Халқыма қызмет- өзіме міндет. Ия, ол мақалам шығыпты аталмыш газетке. Баршасына Алла разы болсын.
    8 жыл бұрын
  • Алла разы болсын! Осындай гибратты әңгіме жазатын азаматтарымыз бен соны ұғатын жастарымыз көбейе берсин
    8 жыл бұрын
  • Қатты ашуландырған сияқты ғой қыздар...
    8 жыл бұрын
  • Ерасыл бауырым. Алла разы болсын сізге. Рахмет...Әмин. Айтқаныңызға періштелер "әмин" десін.
    8 жыл бұрын
  • Шынар ханым... Сіз де қатырасыз.
    8 жыл бұрын
  • Mumkin somnenie wgar kyzdyn oiynda
    8 жыл бұрын
  • сонда қол ұстасып, я оңаша кездесу дұрыс дегеніңіз бе? Сізді түсінбедім. Мен бұл мақаламда мәселені бір ғана қырынан қарадым. Ал, фиқһтың "мунакихат" тарауы өте күрделі сала. Құда түсу,хитба, жастардың бірін-бірі үйленерден бұрын көруі, ұнатып-ұнатпауы басқа мәселе. Мен бұл жерде тек қыздардың карьера қуып, отбасын құруды ауыр проблема көріп, қашуларын әңгіме еттім. "Сомнение" болады. Бірақ, сол "сомнениені" дініміз керемет қылып шешудің жолын нұсқаған. Қашан және қай жаста болмасын сол "сомнениемен" қыз бала бәрібір де ұшырасады. Одан да, егер қызға, хадистерде айтылғандай, діні мен мінез құлқы ұнаған біреу құда түссе, оған тұрмысқа шығу керек. Истихара оқысын, жігіттің ата-анасы я дос жараңдарымен қыздың әкесі я ағасы сөйлессін. Жігіт туралы тың деректер іздестірсін.Яғни, бұныммен қыз кемшілігі жоқ жігіт іздеу керек демеймін. Мінезі мен діні көңілден шықса, отбасын асырай алатындай әлеуметтік жағдайы және діни сауаты болса, қыздың міндетті "сомнениеге" салынбай - келісу.
    8 жыл бұрын
  • Үйленуге дейін арада махаббат болмайды. Симпатия жеткілікті. Кейін Алла өзі уәде бергеніндей екі жұбай арасына махаббат орнатады. Солай айтылған Құранда.... Енді ше? Ойланайық

    ДҰРЫС АЙТТЫҢЫЗ НҰРЛЫБЕК БАУЫРЫМ
    8 жыл бұрын
  • ҚАЗАҚ ҚЫЗЫНЫҢ ТАҒДЫРЫ - ҰЛТ ТАҒДЫРЫ ДЕП ОЙЛАЙМЫН. БІЗ ҚЫЗ ТӘРБИЕСІН ҚОЛДАН ШЫҒАРЫП АЛДЫҚ ҚОЙ. ЖАЛПЫ ЕНДІ ӨЗГЕ ҰЛТТАРДЫҢ ҰСТАНЫМДАРЫНА ЖАЛТАҚТАЙ БЕРМЕЙ ЖАРИЯ ҚЫЛМАЙ-АҚ ҚОҒАМ ӨЗ ІШІНЕН ҰЛТТЫ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУ ҚЫЗМЕТІНЕ КӨШУЛЕРІ КЕРЕК. ЖАТЫРЫНАН ҚАҒЫНБАҒАН ҰРПАҚ ҚАНА ХАЛҚЫНА ҚАЛҚАН БОЛА АЛАДЫ. СОНДЫҚТАН ӘРБІР ҚАЗАҚ ҚЫЗЫНА ҚАРЫНДАСЫМ , АРЫМ, БАРЫМ ДЕП ҚАРАЙЫҚ АҒАЙЫН.
    8 жыл бұрын
  • НҰРЛЫБЕК БІР НӘРСЕ ЖАДЫҢЫЗДА ЖҮРСЕ ЕКЕН. МЕНІҢ ОЙЫМША ЕНДІ БІЗГЕ МАҚАЛА ЖАЗУМЕН ШЕКТЕЛІП ҚАЛУҒА БОЛМАЙДЫ. ҰЛТТЫМЫЗДЫҢ ҰЛЫ БОЛМЫСЫН ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУДЫҢ ЖАҢА ЖОЛЫНА ТҮСУІМІЗ КЕРЕК. ОЛ ҮШІН НАҚТЫЛЫ ӘРЕКЕТТЕРГЕ КӨШ КЕРЕК. МЫСАЛЫ, ҚЫЗ ТӘРБИЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ ИНСТИТУТТАР АШУ НЕМЕСЕ БЕТПЕ-БЕТ ҮГІТ НАСИХАТ ЖҮРГІЗУ АРҚЫЛЫ ҚАЛАЙ БОЛСА ДА ҚЫЗДАРЫМЫЗДЫҢ АРЫН САҚТАП ҚАЛУ, АБЫРОЙМЕН ОТ АНАСЫ БОЛЫП ЕЛГЕ АНА, ЖҰРТҚА ПАНА БОЛАТЫН ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУГЕ БАУЛУ КЕРЕК. ЕГЕР ШҰҒЫЛ ТҮРДЕ ОСЫ ӘРЕКЕТКЕ КӨШПЕСЕК БІЗ ҰТЫЛАМЫЗ. МЫНА ТІРЛІГІМІЗДІҢ БӘРІ ҚҰМҒА СІҢГЕН СУДАЙ БОЛАДЫ. СЕБЕБІ, ТҮБІ ШІРІК ТӘРБИЕСІЗ ТЕРІС БАҒЫТТАҒЫ ҰСТАНЫМДАР ҚОҒАМНЫҢ БАРЛЫҚ САЛАСЫНДА ДҰРЫСҚА САНАЛЫП ҮСТЕМДІК ҚҰРЫП ТҰР. БІЗДІҢ ЖАЗҒАН БІР АҚПАРАТЫМЫЗ ОЛАРДЫҢ КӨЛЕҢКЕСІНДЕ ӨЛІП ЖАТЫР.
    8 жыл бұрын
  • ия дұрыс айтасыз. Ержан бауырым. Бірақ мен секілді студенттің сіздің ойыңыздағы институтты ашу қиын һәм күрделі. Менің қолмнан келетіні тек насихат айту. Болашақта сізбен кездесіп жатсам, не бір қуаншыма сізді шақырғанда келіп жатсаңыз отырып ақылдасармыз. Қолдан не келеді, соны жасау керек
    8 жыл бұрын
Блог туралы