БІЛІМ ІЗДЕНУШІГЕ ҚАЖЕТТІ АЛТЫН КЕҢЕСТЕР.
БІЛІМ ІЗДЕНУШІГЕ ҚАЖЕТТІ АЛТЫН КЕҢЕСТЕР.

Шейх Мухаммад Аууама: БІЛІМ ІЗДЕНУШІГЕ ҚАЖЕТТІ АЛТЫН КЕҢЕСТЕР. 

Бірінші кеңес

Ықылас

Бәрімізге белгілі болғандай, Ислам негіздерінде амалдардың негізі, амалдардың қабыл болуының бірден-бір шарты – ықылас. Шариғатқа сай істерде, ықыласты болған адам, күмәнсіз, сол ниетіне сай амал етеді. Ал, бір адамның күнә істе ықыласты болуы мүмкін емес.

            Білім жолындағы адам үшін ықылас – білімді тек Алланың (Субхәнә уә Тағала) ризалығы үшін іздеу. Шәкірттің ниетіне дүнелік пайданы ойлау, даңқты аңсау, мансапқұмарлық немесе «мен ғұламалар әулетінен шыққанмын, сондықтан мен де білім жолында болуым керек» деген сияқты нәрселер араласпау керек.

            Екі дүниенің бақытына қол жеткізудің ақиқи сыры ықыласта жатыр. Ықыластың маңыздылығын адамдарға жеткізу барысында мухаддистер (Хадис ілімінің мамандары) жиі келтіретін Имам Хаммад ибн Сәләмәнің (рахимахуллаһ) сөзі:

“Кімде-кім хадистерді Алланың разылығынан басқа мақсатпен

үйренетін болса, міндетті түрде зиян шеккендерден болады.”

Хадис ілімі Имам Хаммадтың (рахимахуллаһ) кезінде зерттелу жағынан негізгі ғылым болғандықтан ол әдейі осы нәрсені (яғни, бұл сөздерін хадис іліміне қатысты) айтқан. Имам Хаммадтың (рахимахуллаһ) сөздері негізінен хадис ілімімен айналысатын студенттерге айтылғанымен, бұл сөздердің мағынасы тек осымен шектеледі деп қабылдауға болмайды. Тәпсір (Құран аяттарын кеңінен түсіндіретін ғылым) ғылымымен айналысатын студенттер үшін де бұл сөздердің маңыздылығы өте үлкен. Себебі, бұл сөздер Исламның шеңберін толық қамтиды. Расында, өзінің оқуына ықылассыз кіріскен, білім жолында жүріп,ықыласты ұмытқан адам Алланың (Субхәнә уә Тағала) жазасынан аман қалмайды.

“Алланың бейнетінен зиянға ұшырайтын ел ғана қобалжымайды” (7:99)

Алләма Әл-Сахауи (рахимахуллаһ) “Фатхуль Мукғиз” кітабынан (2-том, 312-бет) мынадай сөздерді келтіреді:

«Кімде — кім бұл білімді (дін білімін) Аллаһ (Субхәнә уә Тағала) разылығы үшін іздесе, сол адам сәттілікке жолығады және бұл дүниеде де, алдағы уақытта да (ақыретте) дәрежесі өседі. Ал, енді кімде-кім бұл жолда ықыласты жоғалтатын болса, ол бұл дүниесін де, ақыретін де жоғалтады.»

Ықыластың маңыздылығын бір дәрісте, бірнеше дәрісте де қамту мүмкін емес.  Менің айтарым:

«Бүгінгі таңда бұл үмметтің жоғалтып алған сәттіліктің негізгі дәмі – Ықылас».

 (Жалғасы бар)

Нурлыбек СабыргалиевНурлыбек Сабыргалиев
9 жыл бұрын 4079
0 пікір
Блог туралы