Өз есімін әлемге ойып тұрып жазған Раббым!!!
Өз есімін әлемге ойып тұрып жазған Раббым!!!

Материктердің өз Иесінің есімін жазуы - Алланың құдіреті

   Қиямет жақындағанда Алланың бар екендігінің белгілерін көптеп кездестіріп жатырмыз. Яғни, қиямет жақындағанда Алла өзінің бар екендігін әлемге білдіртуі арқылы таңқалдыруда. "Знамение Аллаһа" деп атап жүрміз ғой  орысша. Құс пен жан-жануардың "Алла" деп дыбыс шығаруы, түрлі өсімдік пен ағаштардың "Алла" деген жазу формасында өсіп жетілуі, мұхиттағы алып тастардың сәжде қылынған күйде табылуы және тағы да басқа көптеген "белгілер" бар. Ал, ғылым қарыштап дамыған сайын Құранның да жасарып  отыруы да бұл сөзімізді қуаттай түседі. Екі теңіздің қосылмауының  себебін Жак Ив Кустоның Құран Кәрімнен табуы, мұнай мен темірдің артықшылығы, перғауынның өлі денесінің бұзылмай сақталуы, желдің өсімдіктерді ұрықтандыруы, көөкке көтерілген сайын кеуденің қысылуы, галактиканың кеңеюі және т.с.с. дүниелер көптеп белгілі болуда. Бұл белгілердің Алланың  кәпірлерге деген мейірімі деп түсінейік. Бейне бір Алла кәпірлерге қарата: " Ей, күнә істеуде жарысып, маған иман келтірмеген құлдарым. Мен бармын. Жалғызбын. Құдіреттімін. Қияметтің соңғы сағаты орнамай тұрып маған иман етіп, құлшылық қылыңдар",-деп тұрғандай. Жалпы, бұл шынайы мұсылмандар үшін "таңқалатын" нәрсе емес. Себебі, бұл белгілер орын алмаса да мұсылман Аллаға иман келтірген жан. Ол белгілер орын алмақ түгілі, дін жетпеген далада өмір сүрсең де сенің Алланы ақылмен танып, оған иман келтіруің - парыз. (Матуруди ақидасы бойынша).... 

   География пәнін оқып отырсаңыз, алғашқы кезде екі-ақ материк болғанын білесіздер. Олар: Гондвана және Лавразия. Кейін, платформалар ығысып, алты материк пайда болды. Яғни, Алла өз есімін әлемге ойып тұрып жазды. Қалай? Алты материк: Евразия, Оңтүстік Америка, Солтүстік Америка, Афстралия, Африка және Антрактида. Арабша Алла сөзі  "ْْآلله " деп жазлатыны бәріне мәлім. Енді алты материкті осы әріптердің орнына қойып көрелік. "Аллаһ" сөзіндегі "әлиф" ол - Оңтүстік Америка мен Солтүстік Америка. Әлифтен кейін келетін "Әль" артиклінің "ләмі" "Африка" материгіне сәйкес келсе, ортадағы шәддәлі "ләм" әріпі Үндістан түбегіне сәйкес келеді. Ал соңғы "һә" әріпі Афстралия материгіне дәл келіп тұр. Ал Антрактида материгі "ләм" әрпінің шәддасы болып тұр.

  Міне, керемет. Алланың құдыреті деп осыны айт! Бұл керемет Құранның: "ЖЕР ЖҮЗІНДЕ КӨРШІЛЕС ҚҰРЛЫҚТАР ...бар",- (Рағыд 4-аят) және " Қарсы болғандар, негізінде көктер мен жер біртұтас еді. ЕКЕУІН АЖЫРАТҚАНЫМЫЗДЫ .. көрмей ме?",-деген аяттарды тәфсірлеп тұрғандай.

Сабырғалиев Нұрлыбек

Нурлыбек СабыргалиевНурлыбек Сабыргалиев
8 жыл бұрын 4074
2 пікір
Блог туралы