Шейх Мухаммад Аууама: БІЛІМ ІЗДЕНУШІГЕ ҚАЖЕТТІ АЛТЫН КЕҢЕСТЕР. Сегізінші кеңес
Шейх Мухаммад Аууама: БІЛІМ ІЗДЕНУШІГЕ ҚАЖЕТТІ АЛТЫН КЕҢЕСТЕР. Сегізінші кеңес

Шейх Мухаммад Аууама: БІЛІМ ІЗДЕНУШІГЕ ҚАЖЕТТІ АЛТЫН КЕҢЕСТЕР. Сегізінші кеңес

Көпшілікті ұстану

Білім талап етуші әрдайым басым көпшілік ғұламалар ұстанған бағытты ұстанып, жамағатпен бірге болу керек. Және жекешеленген немесе біртүрлі ерекшеленген топтардан алыс жүріп, оларды біздің ғұламаларымыз тастағандай толықтай тастау -студенттің басшылыққа алу керек болған сегізінші қағидасы. Мен біз тек қана көпшілік ғұламалар бірауыздан келіскен сұрақтарды іздену керек деген нәрсені меңзеп тұрғаным жоқ. Олардың бірауыздан бір мәселеде толық келісуі өте сирек кездесетін жайт. Бір сұрақтың үстінде төрт имамда өзінше көзқарас болуы мүмкін. Ол төртеуі де өздерімен осы көзқараста келісетін өткенғұламаларға сүйенеді. Әлбетте, бұл жерде төрт имамның көзқарасына да ұқсамайтын, керісінше бұлардың барлығына қайшы келетін бесінші көзқарасты ұстанатын бір немесе екі ғалым болуы мүмкін. Бұл жағдайда студент міндетті түрде көпшілікке қайшы келетін бесінші көзқарасты тәрк етіп, төрт имамның және оны қолдаған көпшіліктің көзқарасын ұстану керек.

Бұл нәрсе (яғни, төрт имамды тастап қойып бөлініп шыққан бір-екі ғалымның көзқарасын ұстану) — біздің заманымыздағы студенттердің ең көп жіберетін қатесі. Бүгінгі таңдағы білім арасындағы астан-кестеннің ортасында бұл қағида көпшілік адамға қатысты болады. Исламның алғашқы дәуірінде өмір сүрген, ұлыимам әрі муджтахидимам Аузағидің (рахимахуллаһ) сөзін тыңда:

«Ғұламалардан бөлек шыққан көзқарасты ұстанатын адам, түптің-түбінде Исламды тастайды.»

Имам Аузағи (рахимахуллаһ) хижра бойынша 157 жылы дүниеден өтті. Бұл заман көптеген ұлы тұлғаларға тұнған, көпшілігі табиғин болған, солардың ішінде жеке көзқарастары бар адамдары болған дәуір еді. Жеке пікірлі адамдардың дәрежесіне қарамастан, имам Аузағи (рахимахуллаһ) солардың пікіріне ерудің кері әсерін болжай білген.

Имам Аузағиден (рахимахуллах) бір дәуір бұрын өмір сүрген имам Суләйман әт-Таймий (рахимахуллаһ) былай дейді:

«Егер сен әр ғалымның (бөлінген) үкімімен келіссең, жамандықтың бәрі сенде жиналады.»

Осы сөздерді келтіргеннен кейін андалусиялық ұлы мухаддис имам ибн Абдул-Барр (рахимахуллаһ) жазады: «Бұл — мен ешқандай қайшылық кездестірмеген, бір ауыздан келісілген әрі қабыл етілген ақиқат.»

“Табақатуш-Шафиияатул-Кубра” кітабында бөлек пікірлерді ұстанған кейбір танымал ғалымдарды атап өткен соң, кітап авторы Таджуиддин ас-Субки (рахимaхуллаһ) хадис және фикх саласының ұлы имамы Имам Әбу Али Карабисидің (рахимахуллаһ) сөздерін келтіреді:

«Егер біреу осындай бөлектенген пікірлерді кейде құрметті ғалымдар да ұстанған десе, оған: “Құрметті ғалымдардың қателігі Исламның құлауына жалғыз себеп бола алады, ал мыңдаған жәһилдердің (ғалым емес адaмдардың) қателігі Исламға түк те әсер етпейді” деуші едік. Тарихқа қарайтын болсақ, біз кейбір білім иелерінің Исламға сыймайтын көзқарастарды алға жетелегенін көреміз. Мысалы, танымал қазы, ҚадиШурайх ешкім қабылдай алмайтын, Құран Кәрімде де, хадистерде немесе сахабалардың (оларға Алла разы болсын) және табиғиндердің (Алла оларды мейіріміне бөлесін) пікірінде негізі жоқ үкімдер берген.

Егер де бір адам Қади Шурайхтің өмірбаянын оқып көрсе, оның Ислам тарихындағы екінші ең әділ қазы болғанын түсінер еді. (Біріншісі Сәйидуна Али (оған Алла разы болсын). Ол бұл атақты сахабалардан емес, тура Алла Елшісінен (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) алған.

Қади Шурайхтің (рахимахуллаһ) дәрежесіне қарамастан, имам әл-Карабаисидің (рахимахуллаһ) оның үкімдеріне қатысты не айтқанын қарашы. Сондықтан, кейбір адамдардың бізге қарсы келіп, өзінің позициясын қорғау үшін, мынау осындай да, осындай имам болған ғалымныңқожаның және мужтахидтіңнемесе т.с.с. біреудің көзқарасы деп әлсіз, бөлектенген көзқарасты қорғауға рұқсат етілмейді. (Яғни, қандай да бір мықты имамның аяғы тайған, бүкіл үмметпен келіспеген мәселелелерін өзінің қате бағытын қорғау үшін пайдалану дұрыс емес). Бізге дәл сол сияқты ондаған немесе жүздеген адамдардың оның көзқарасына қарсы шыққаны және оның ұстанымын бәрі бірге жоққа шығарғандығы жауап ретінде жеткілікті.

Демек, білім талап етуші студент Исламның көпшілігі ұстанған көзқарасқа қарсы келген бір немесе екі адамның көзқарсынан сақ болу керек. Бұл нәрседен сақтану тіпті үлкен әрі ауыр күнәлардан сақтанудан да маңызды. Бұл дегеніміз бір немесе екі ғалымды басқа күллі ғалымның үстінен аралық қазы етіп қою, әрдайым осы бір немесе екі ғалымның сөзін алып, басқа ғалымдардың сөзін қайтару және сол бір-екі адамнан басқасының бәрін сөгу.

Сондықтан, біріншіден, Діннің құнына өз дүниелік қажеттіліктерін өтеу немесе өзіне иә өзгеге жеңілдік жасау үшін бүкіл үмметке қайшы келген бір немесе екі адамның көзқарасын ұстанудан сақтану керек.

Екіншіден, саны жүздеген немесе мыңдаған ғұламаларға дейін жететін бүкіл үммет ғұламаларыныңкөзқарасын тастап, өз білімінің жүгенін бір немесе екі ғалымға ұстатып қойып, солардың ғана көзқарасын алып, солардың ғана көзқарасын қорғап жүргендерден сақтану керек. Бұл тәсіл академикалық және логикалық тұрғыдан дұрыс емес.

 

Нурлыбек СабыргалиевНурлыбек Сабыргалиев
9 лет назад 2710
0 комментариев