Шейх Мухаммад Аууама: БІЛІМ ІЗДЕНУШІГЕ ҚАЖЕТТІ АЛТЫН КЕҢЕСТЕР. Жетінші кеңес
Сақтық пен (сенімділікке) тексеріс
Білім ізденуші студентке айтылар жетінші кеңес — студент өзінің әр ісінде өте мұқият, әрі абай болу керек. Ол өзінің не оқып, не жаттап жүргеніне, мәтіндер мен терминдерді қалай меңгеріп жатқанына аса мән беру керек. Айтылғандар оның білімге қатысты айтып жатқан немесе жазып жатқан барлық нәрселеріне қатысты әдеті болуы керек.
Мухаддисдер рауиларды (хабар жеткізушілері тізбегіндегі адам) бағалап, оларды ақтап алу үшін немесе мақтау үшін қолданғанда айтатын сөздерінің бірі «осындай да осындай адам забт», яғни, «өзінің істерін тексеретін және абай боп жүретін адам» деп түсіндіреді. Демек, бұндай адам Құран Кәрімнің жаттаған бір аяттарына немесе бір пікірді я болмаса бір адамның айтқан сөздерін жеткізу барысында сол жаттаған нәрсесіне күмән келтірсе, сол сөздерді «бұл нәрсе былай» немесе «ол осылай айтты» деп кесіп айтпайды, керісінше ол ұмытқан сөздерді мүлдем жеткізбейді. Бұндай жағдайда ол толықтай сенімді болған Құран Кәрімге қайтады немесе жазып жүрген дәптері болса, сол нәрсеге қайтады. Тек мұның дұрыстығына толық сенімді болғаннан кейін ғана мақсат еткен сөздерін жеткізеді.
Шындығына келгенде, өзінің оқып-зерттеп жатқанына абай-мұқият болған студент өзінің келесі жаттау, түсіну, оқыту, түзету, басқа адамдарға негізделе отырып бір хабарларды жеткізу немесе үкім беру сияқты сатыларына негіз салып жатыр.
Бұл мәселелерді ғұламалар, әдетте, мұқияттылықтың жоғалуына байланысты туындайтын қателіктер мен бұрмалауларды көрсету үшін арналған тарауларда талқылайды. Бұған қатысты күлкілі оқиғалар да бар. Олардың ішінен келесілерін атап көрсетуге болады:
1) Әйгілі төрт сунанның авторлары Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жұма күнімешіттің ішінде алқа құрып отыруға тыйым салғандығы туралы хабар жеткізеді. Хадисте келетін الحلق(әл-хилақ) сөзі алқа, шеңбер деген мағынаны білдіреді. Имам Хаттаби (рахимахуллаһ) Әбу Даудке жасаған «Ма’алимус-сунан» деп аталатын түсініктеме кітабында мынандай нәрсені келтіреді: «Меніңұстаздарымның бірі осы хадисті оқып жатып (жоғарыда келген сөзді) الحلق (әл-халақ деп) қате оқып жіберді: ол сөздің мағынасы «қыру» болып өзгереді. Олай аударылғанда Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сөзі жұма күні шаш қырудан қайтарған сияқты болып қызық мағына беріп қалады. Ол (менің ұстазым) бізге қырық жылдың ішінде Жұма намазы үшін өмірінде бір рет болсын шашын қырып көрмегендігін айтты. Мен (Имам Хаттаби) оған негізінде ол жердегі сөздің الحلق(әл-хилақ) алқа құру деген сөз екенін айттым. Ол менің ескертуіме разы болып маған дұға етті. Ол өте діндар адам еді. Аллаһ ол кісіні рақымына бөлесін.»
2) Имам Әбу Ахмад Әл-Аскари (рахимахуллаһ) өзінің «Тасхифатул Мухаддсин» кітабының бірінші томы он төртінші бетінде және басқа “Шарх ма уақа’а фи хит тас хиф уат тахриф” кітабының жетінші бетіндехадисті жеткізушілердің бірі (ол адамның білімі хадисті түсінуге емес тек хадисті риуаят етумен ғана шектелулі болатын) бір күні хадис қудсиді (хадис қудси – мағынасы Алла Тағаладан білдіріліп, сөзі Пайғамбарымыздан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) болған хадистер) келесі тәртіппен жеткізді: «Ол айтады: Алла Елшісінен (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын), ол Жебірейілден (оған Алланың сәлемі болсын), ол Алла Тағаладан , Ол белгілі бір адамнан жеткізді.». Сол жерде отырғандардың бірі оған: «Кім ол Алла Тағалаға ұстаздық етуге жарайтын «белгілі бір адам» деп отырғаның?» дейді. Кітапты ашып тексергенде оқып тұрған адамның қате оқығандығы анықталды. Негізінде, ол жерде: «Алла Елшісінен (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын), ол Жебірейілден (оған Алланың сәлемі болсын), ол Алладан عَزَّوَجَلَّ (ол عَزَّوَجَلَّ (‘азза уажәллә) деген сөзді رَجُلٍ عَنْ (‘ан рожулу) деп оқыған. Жазылулары ұқсас. Бұл араб тілін білетін адамдарға жақсырақ түсінікті болады.)
Өзіңді сондай бір көріксіз, жаман қателіктерден сақтаудың бірден бір жолы — сенімді ғалымдарға еріп жүру және білімді солардан игеру. Осындай себебтерге байланысты алдын өткен ғұламалар студенттерге«Білімді өзін-өзі оқытумен жинаған (яғни ұстаз көрмеген) кісіден алмаңдар. Және Құран Кәрімді де сондай адамнан үйренбеңдер» деп кеңес беретін болған. Бұл нәрсенің маңыздылығын көрсету үшін Имам Әл-Аскари (рахимахуллаһ) өзінің “Тасхифатул Мухадисин” кітабында біз жоғарыда атап кеткен оқиғалармен түсіндіріп кеткен.
Студент бұл деңгейден өтіп, өзі оқып және ізденіс жүргізе алатын дәрежеге жеткен уақытта өзінің білім жолында және өзінің айтып немесе жазып жатқан нәрселерінде мұқияттылықты сақтау үшін оған мына екі нәрсені ұстану маңызды:
а) Ол әрдайым классикалық қайнаркөздердің түпнұсқасына қайтып отыру керек. Ол артқа қарай жүрген сайын (яғни, алдын өткен ғұламалардың еңбегіне қайтқан сайын) білім мен ізденісте таза қайнаркөздерді иемендене бастайды. Кейбір ғұламалар да өздерінің білім деңгейінде және мұнтаздай ізденісіне соңғы күндердің ғұламалары болғанына қарамастан алдын өткен ғұламаларды еске салады. Студенттерге сенімді дәйексөздер мен пәтуаларды берер уақытта осындай (яғни, сенімді) кітаптарға қайту керек.
ә) Тіпті, мен жоғарыда айтып кеткендей, мұнтаздай ізденісімен танымал болған ғұламалар болса да, бір ғұламалар бірнәрсеге сілтеме берген уақытта, оны сол қайнаркөздерден қарап, тексеріп отыру керек.
Шындығына келгенде, біздің айтып отырған нәрселеріміз — алдыңғы екі кеңестің (бесінші және алтыншы) амалда көрінуі.
- Әдепті ұстану, біздің ғұламаларымыздың кітабына деген мұқтаждығымызды ұмытпау
- Нақд (критицизм), яғни бізге бір цитатаны келтірген уақытта да оны тексеру үшін сілтеме жасалған кітапты қарау.
Бұлай жасау (яғни, әдеп пен нақдты бірге ұстану) түрлі пайдалы нәтижелерге толы. Олардың ішінде келесілерін атап өтуге болады:
1) Біздің ғалымдардың жоғары деңгейін дәлелдеу және олардың не айтып жатқанын, кімнен айтылып жатқандағының дәлдігін растау.
2) Олардың ішіндегі (яғни, жеткізіп жатқандардың ішіндегі) кейбіреуі жаңылысып кеткен жағдайдың өзінде тексеру. Мысалы, мен мың дәйексөз келтірілген бір автордың кітабын алып оған түсіндірме (тахқиқ) жасағым келді делік. Және әрбір келтірген дәйексөзіне тексеріс жасап жатырған уақыта оның келтірген үзінділерінің ішінен мен екі немесе үш қате тапсам мен ол авторға қызмет еткен боламын, одан әрі өзімнің жоғарғы деңгейім және үзінділерді келтіру мен қаулыларымдағы дәлдігімді көрсеткен боламын. Оған қоса, мен сол екі немесе үш қатені түзету арқылы білімге және Дінге академиялық қызмет көрсетемін. Сонымен қатар, мен білім жолындағы студентті сенімді әрі тексерілген дәйектермен толған кітаппен қамтамасыз еткен болар едім. Бұл — өз алдына ұлы жетістік.