Шейх Мухаммад Аууама: БІЛІМ ІЗДЕНУШІГЕ ҚАЖЕТТІ АЛТЫН КЕҢЕСТЕР. Бесінші және алтыншы кеңестер
Шейх Мухаммад Аууама: БІЛІМ ІЗДЕНУШІГЕ ҚАЖЕТТІ АЛТЫН КЕҢЕСТЕР. Бесінші және алтыншы кеңестер

Шейх Мухаммад Аууама: БІЛІМ ІЗДЕНУШІГЕ ҚАЖЕТТІ АЛТЫН КЕҢЕСТЕР. Бесінші және алтыншы кеңестер

Бесінші кеңес

Әдеп (Құрмет)

Бесінші кеңес – әдеп. Әдеп жалпы мағынасында Исламдағы барша аспекттерді қамтиды: исламдағы парыз етілгенді де, нәпіл амалдарда да. Олардың қатарына ата-ананы құрметтеу, Алла Тағаланың құлдарын құрметтеу, Алла Тағаланың таңдаулы құлдарын, сахабаларды (оларға Алла разы болсын) құрметтеу және Шариғаттың туын көтеріп тұрған ғұламаларды құрметтеу жатады.

Келесі кеңес осы кеңеспен тығыз байланысты (сондықтан да бірге талқыланатын болады.)

Алтыншы кеңес

Жітілік, қырағылық, мұқияттылық…

Білім ізденушіге ұсынылатын алтыншы кеңес  – білімде өте зерек, қырағы мұқият болу. Ол бұрын өткен және жаңа ақпаратты байланыстырып отыру керек. Яғни, жаңадан игергенін бұрыннан білгенімен салыстыра бағалау және саралап талдау. Мен бұл түсініктің бәрін жиып «нақд» (анализ/критика) деп атаймын.

Келесі екі тірек бір-бірінсіз жүре алмайды:

а) білімге деген құрмет (әдеп)

б) критицизм

Бұл студенттен өте тапқыр, зерек болуды талап етеді. Ол жаңа нәрсе тапқан уақытта, әрдайым сол тапқанын осы сұраққа қатысты білетін алдыңғы білімімен байланыстырып отыру керек. Кейін ол екі тапқан нәрселерін таразылау керек. Егер ол бұл сұрақ бойынша өзіне әлі көп ізденіс керектігін сезінсе, ол сабырлықпен ізденісті жүргізіп, әр кітапты сараптап саралап және қолы жеткенінше бар сілтеме бойынша ізденіс жүргізіп, қанағаттандырарлықтай қорытынды жасағанша тоқтатпау керек. Егер ол жиналған нәрселердің барлығын ретке келтіре алса, демек солай болу керек.  Бұл — тәжірибелі ғұламалардың әдісі. Егер де, студенттің шамасы жоғарыдағыға жетпесе, сұрақ тым оңай көрінсе де, ол бұл мәселені өзінің сенімді жетекші тәлімгеріне немесе ұстазына тапсыруы керек. Егер де, студенттің шамасы жетсе, ол бір көзқарасты тастап, басқа көзқарасты таңдауына болады. Бірақ, бұл жағдайда студент ғұламалардыңжеткілікті дәрежеде мықты, сенімді болған сөзіне сүйену керек. Студент кейбір ғұламалардың көзқарасымен келіспесе де, ол ғұламаларға деген құрметті сақтау керек.

Бұл — осындай жағдайлардағы студенттің міндеті. Яғни, ол әдепті (сыйластықты), тахқиқты (тексеру) және нақдты (керек болған жағдайда сыншыл) бола білу керек. Барлығы да бірдей тепе-теңдікте болуы керек. Біреуі қалғандарынан артық болып кетпеу керек.

Жоғарыда айтылған нәрселермен амал етпейтін екі топ студенттер бар. Олардың біріншісі өзі ұстанған адамды қатты сыйлағандықтан өздерінің не оқып жүргендіктеріне сараптама, тексеріс жасамайды (яғни,тахқиқ жоқ). Бұндай адамдар ешқашан анық, сенімді білімге қол жеткізе алмайды. Ал, екінші топтың адамдары болса керісінше, сынау мен мінде артықтық жасап, кіналауда шектен шыққандар. Бұлар, өкінішке орай, ғалымдарды сыйламайтын және ғалымдарға қол сұғушылықпен айналысатындар.

“Сабырлықтың екі жағы да абыройсыздық.”

Дұрыс студент дегеніміз зерек, әрі мәселелерді үлкен ғұламалардың деңгейінде салыстыра алатын және деңгейіне сай ғұламаларды сыйлайтын адам. Осылай істеуменен ол білімнің де ақысын, білім жолындағы адамдардың да ақысын береді. Егер де ол тым қатты сыйлайтын болса (керек жерінде сынға алмай) ол сүрінеді де, тиісті қорытынды жасай алмайды. Егер ол өте сыншыл болуды таңдаса, ол әр ғұламаға тиесілі болған Мұсылманның міндетін орындай алмайды (оларға құрмет көрсету міндетті).

Жалғасы бар…

 

Нурлыбек СабыргалиевНурлыбек Сабыргалиев
9 лет назад 2824
0 комментариев