Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің діндарлығы туралы бір үзік сыр!
Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің діндарлығы туралы бір үзік сыр!

 Мәшһүр  Жүсіп Көпеевтің діндарлығы туралы бір үзік сыр

"Мәшһүр - ақын. Мен де ақынмын. Бірақ, Мәшһүр маған қарағанда әулие болуымен Аллаға жақын".

Абай Құнанбаев

Ия, Абай атамыздың бұл сөзі мені терең ойға салғанын жасырмаймын. Негізі, мектеп жасынан бері Мәшһүрге қарағанда, Абайды тереңірек біліп шықтым. Абай - хәкім. Жазба әдебиетінің негізін салушы да - Абай. Қазақтың бас ақыны да -Абай! Бірақ, Мәшһүр Жүсіпті Абай мойындап, алдында басын иетіндей ол қандай тұлға? Ия, оның өмірбаяны мен шығармашылығын былай сырып қояйын. Оны кез-келген адам білетін де шығар. Менің айтайын дегенім, оның ӘУЛИЕЛІГІ. ӘУЛИЕ - Алланың сүйікті құлы. Әулиелердің істерінің нәтижесі - керемет. Ал керемет- бұл әдеттен тыс іс. Жаббар Хақтың көмегімен өте тақуа адамдар жасайтын іс. Жалпы, керемет жасау әулиелерге беріледі. Абай да Мәшһүр Жүсіптің "әулиелігін" көріп, оны өзінен жоғары санаған шығар. Бұл тек Аллаға ғана аян! Мен бұл сұраққа жауап іздеп те көрмеппін. Мені басқа мәселе ойландырады.

Айтпақшы, Павлодар жақта Мәшһүр Жүсіп Көпеевті "Мешеке" деп атайды екен. Қызық! "Еке" деп атам қазақ тірі адамға қарата айтпаушы ма еді?! Мен бұл бәтуаға келісі алмайды екем. Бұл-субъективті пікірім. Бірақ, мені таңқалдырған өзге мәселе. Ақтөбе облыстық Сақтаған Бәйішев атындағы облыстық кітапханада жүрген кезім. Артына өлмес отыз томдай алып мұра қалдырған Мәшһүр Жүсіптің шығармаларын оқып, ақтарып жүріп, бір өлеңіне көз жүгіртіп отыр едім. Кенеттен таныс тармақтарға көзім түсті. "Мариям Жагор деген орыс қызы, Он бестен он алтыға жеткен кезі. Дініне Мұхаммедтің ғашық болып, Сондағы Мариямның айтқан сөзі", - деген жолдарды оқып шықтым. Таныс өлең! Қайта-қайта оқи бердім. Бұл өлең қазақ эстрадасында көптеп айтылып жүрген "Дудар-ай" деген әннің сөзі ғой. Бірақ, біз "Дініне Мұхаммедтің ғашық болып" деген  сөзінің орнына "Қазаққа Дудар деген ғашық болып" деп оқып, жаттап, айтып келдік. Кейін, ән мәтінінің кеңестік идеологиясына сай өзгеріп кеткенін бірден түсіндім. Мені таңқалдырғаны - түпнұсқаның осы мәтінде келуі. Бұл жерде Мәшһүр Жүсіптің діндарлығы көрініп-ақ тұр. 

Міне, осы тәріздес дүниелер, тың деректер Мәшһүр шығармашылығында толып жатыр. Бұл әлі де зерттелуі тиіс тың тақырып.

Нурлыбек СабыргалиевНурлыбек Сабыргалиев
9 лет назад 9944
0 комментариев