Сұрақтар: 

  1. Көптеген мұсылмандар Ережеп айында ораза тұтуды өте мақтаулы амал деп дейді. Ал, басқалар болса, Ережеп айындағы оразаның артықшылықтары туралы хадистерді әлсіз деп есептейді. Кімдікі дұрыс? Ережеп айында Алланың сауабынан үміт ете отырып, ораза тұтсақ, бола ма?
  2. Біз біраз уақыт бұрын Ережеп айы туралы хадистердің ойдан шығарылғанын білдік. Мысалы мына хадис: «Ережеп — бұл Алла Тағаланың айы, Шағбан – бұл менің айым (Пайғамбардың) (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) және Рамазан айы – менің үмметімнің айы». Осы шындық па?
  3. Сондай-ақ, Ережеп айының белгілі бір түндерінде (мысалы, айдың алғашқы түнінде немесе «Рағайыб түнінде») оқылатын намаздардың абзалдығы туралы айтылған хадистер әлсіз әрі ойдан шығарылған, сондықтан бұл айда орындалатын қандай да бір ерекше дұғалар мен ғибадаттар жоқ деп естідім. Осы рас па?

Жауап:

Әссәләмуғалейкум уа рахматуллахи уа баракатух!

  1. Жалпы алғанда, кез-келген айда, әсіресе, Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айтқан қасиетті айларда ораза тұту өте абзал амал болып табылады:

صم من الحرم واترك، صم من الحرم واترك، صم من الحرم واترك

«Қасиетті (тыйым салынған) айларда бірнеше күн ауыз бекітіңіз де, кейін аузыңызды ашып, ораза тұтпаңыз, қасиетті (тыйым салынған) айларда бірнеше күн ауыз бекітіңіз де, кейін аузыңызды ашып, ораза тұтпаңыз…» (Әбу Дәуіт, хадис 2428)

Сондықтан, Ережеп айында және басқа да тыйым салынған айларда (Мұхаррам, Зулқада, Зулхиджа) ораза ұстау абзал амал болып табылады.

Алайда, нақ Ережеп айындағы ораза туралы бірде-бір сенімді хадис жоқ.

  1. Сұрағыңызда келтірілген мына хабарды: «Ережеп — бұл Алла Тағаланың айы, Шағбан – бұл менің айым (Пайғамбардың) (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) және Рамазан айы – менің үмметімнің айы» әс-Суюти мен Ираки сияқты хадис ілімінің белгілі ғалымдары ойдан шығарылған деген (қараңыз: әл-Ләялил Мәснуа, т. 2, 96-бет).
  1. Үмбетіміздің көптеген мухаддистері «сәләту р-рағайыб» (Рағайыб түнінде намаз оқу) туралы айтылған хадистерді де ойдан шығарылған деп есептеген.

Мұндай хадистерді келтіруден және (осы түндерде) аталған әрекеттерді жасаудан және мереке етіп атап өтуден аулақ болған жөн. Хафиз Ибн Рәжәб былай деп жазады:

 «Ережеп айында арнайы намаз оқу туралы ешқандай да сенімді дәлелдер жоқ. «Саляту р-рағайыбтың» (айдың алғашқы жұма түнінде намаз оқу) артықшылықтары, ізгілігі туралы айтылған барлық хадистер жалған және сенімсіз. Көптеген ғалымдар бұл ғибадаттарды дінге енгізілген жаман жаңашылдықтар (бидғат) деп есептеген. Бұл жаңалық (бидғат) бесінші ғасырда пайда болған»(Ләтәифул маариф, 228-бет).

Бұдан да нақтырақ ақпарат алу үшін мына еңбектердегі сілтемелерге жүгінсеңіздер болады:

  • Хафиз Ибн Хәджәр (Әсқәләни) «Табиинул Әджәб», 7 және 42 -беттер;
  • Әлләмә Мұхаммед Тахир әл-Фәтәни «Тазкиратул Маудуа», 116-117-беттер;
  • Мулла Әли Кари «Әл-Масну», 259-бет;
  • Шейх Абдул-Хай Ләкнауи «Әл-Әсарул Марфуа», 44 және 48-беттер.
  • Ибн Әбидин «Раддул Мұхтар», 2-том, 26-бет.

Ең дұрысын Алла Білуші

Мүфти Сухайл Тармахомед