Болашақ жарыма хат!
Болашақ жарыма хат!

Аса Қамқор, Ерекше Мейірімді Алланың атымен!!!

Болашақ жарыма хат!

       Иә, бір түрлі қызық көрінер... Бірақ, осы іштегі сезімім мен арман ойларымды қағаз бетіне жазуым керек. Дәл қазіргі уақытта жан-дүниемді бір керемет сезім тулатуда... Бұл сезімге кейін ораламын Ин ша Аллаһ! Аса Қамқор, Ерекше Мейірімді Раббымыз Аллаһ өзінің адамзат баласына жіберген нұсқауы Қасиетті Құран Кәрімде әрбір жаратылысты жұп-жұп етіп жаратқандығын айтады (Нәбә 8-аят). Соның ішінде адам баласын еркек пен әйел етіп, екі жарты,бір бүтін етіп жаратқан. Және де олардың арасына керемет екі сезімді жаратты. Ол-махаббат пен мейірімділік.

       Ол сезімнің ең ұлысы, әрине,  ардақты етіп жаратылған пендесінің Ұлы Жаратушысына деген махаббаты. Бұл жерде мен тек пенделердегі махаббатты айтудамын. Ал Раббымыздың өзінің сүйікті құлдарына деген махаббаты әрине әлде-қайда зор, ұлы екені анық! Екінші махаббат барша жаратылыстың ардақтысы, сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с) деген махаббат! Содан соң осы өмірге келуімізге себепші болған ата-аналарымызға деген махаббат. Келесі махаббат сол бір-біріне толықтырушы, қамқоршы, дос, ақылшы, қосақ етіп жаратылған ер мен әйелдің арасындағы махаббат. Міне, мен осы махаббат туралы қозғамақпын.

        Енді осы жерден хатымды бастайын Ин ша Аллаһ! Бұл хатымның аты: "Болашаққа хат"... Жооо-жооқ! "Болашақ жарыма хат" деп атауды жөн көрдім.

        Ей, болашақ жар! Мен сізді танымаймын. Көрмедім. Бірақ, Алланың уәдесі хақ қой. Пешенеме жазылған қыз баласымен кездесерім ақиқат. Ол – сізсіз! Ин ша Аллаһ! Бұл хатты Алла қалаған күні оқисыз деген үміттемін... Және ол күн некеміз қиылған күн болады. Бірден болашақты жазбастан бұрын сәл өткенді есіме түсірейінші)))

      Сізді түсімде бір аптадан бері көріп жүрмін. Есіміңізді білмеймін. Есімде қалғаны тек үстіңіздегі ақ көйлегіңіз, нұрлы жүзіңіз және «Жүр. Жәннатқа бірге қол ұстасқан күйде кірейік»,-деген сөзіңіз. Сол күннен бастап анамнан кейінгі ең әдемі әйел рейтингісінде екінші орында келесіз))) Және солай бола бермек Ин ша Аллаһ! Сол түсімде сіздің сұлу жүзіңізге қайта-қайта ұрлана қарай бердім. Содан кейінгі күндері сізді есіме алсам болды жүрегім алай-дүлей соғып, өзгеше бір күйге енетін болдым.  Менің айтқандарымды бұлжытпай орындайтын, менің разылығымды алатын адам боларсыз деп үміттенем...

    Ин ша Аллаһ осы хатты оқитын сәтке аман-есен жетсек екен... Бір нәрсе айтайын, мен дәл қазіргі сәтте қатты үйленгім келеді... Ол ой маған наурыз айында келді. Осыны дәл қазіргі сәтте сізді өңімде көріп жатсам өзіңіздің алдыңызда айтуға болар еді.Бірақ, біріншіден: екеуміздің махаббатымыз харам болып кете ме деп қорқамын, екіншіден: мен сізді жарым етіп алу үшін менде кем дегенде тұрақты әрі сізді асырауға жетерліктей жалақысы бар жұмысым болу керек. Кейін үй т.б. солай-солай айта берсең жалғаса береді... Және де білесіз бе мен бұрын қыздармен сөйлессем өткенін сұрауға тырысатынмын, мінез-құлқын зерттеуге тырысатынмын. Бірақ сенесіз бе, менен дұрыс психолог шықпайды екен және қыздармен де көп сөйлеспедім))) Сондықтан да сізбен сөйлесуге барған  кезде дұрыс сөйлесе алмай қиналып кететін шығармын.

    Және сіздің мінезіңізді алдағы уақытта толық біліп алып, және жаман мінездерімізді бірге түзеп отырармыз деп ойлаймын Ин ша Аллаһ! Сосын бұрын болашақ жарымды белгілі-бір қасиеттеріне және ерекшеліктеріне қарай таңдаймын деп ойлайтын едім, бірақ сіз оның бәрін жойып, ойымды түбегейлі өзгерттіңіз! Себебі мен сізді қандай болсаңыз сол күйіңізде қабылдаймын! Алла қаласа сол күнге аман-есен жетсем екен деген арман бар көкейімде. Ол қай күн екенін біліп отырған да боларсыз. Ол күн – неке қиылар күн. Ол - Алланың алдында некеміз қыйылып мен сіздің еріңіз, ал сіз менің әйелім болатын күніңіз Ин ша Аллаһ! Және тойымыз қазіргі заманға сай емес, Алла разы болар той болса деп армандаймын)))

   Сізбен бірге шариғат бойынша өмір сүргім келеді Ин ша Аллаһ! Алла қаласа таңғы намазға бір-бірімізді оятатын боламыз. Тіпті мен сізден сәл ертерек оянып кетер болсам, сізді бірінші оятпай сіздің мені бірінші оятқаныңызды күтіп жатқым келеді Ин ша Аллаһ! Себебі сізге сауап болғанын қалаймын! Және сіздің дәретпен, «БисмиЛляхты» айтып әзірлеген дәмді тамағыңызды жегім келеді. Сізбен қалжыңдасып, ойнағым келеді! Әр кешімізді романтикаға толтырып өткізу  немесе сізге жай ғана жылы-жылы сөз атып отыру – міндетім Ин ша Аллаһ! Және сізден көп-көп бала сүйіп, оларды бірге ислами тәрбиемен үлкен азамат-азаматша етіп өсірсем ғой. Және де соныммен Қиямет күні Сүйікті Пайғамбарымызды (с.ғ.с) қуантқым келеді ИН ША АЛЛАҺ! Сосын жай ғана сізді өмір бойы Алланың разылығы үшін сізді жақсы көріп, Қияметте сізбен бірге болып, Жұмаққа сізбен бірге кірсем... Және де сізді Жәннаттағы хор қыздарынан 1000 есе сұлуланған кейіпіңізді көретін болсам...

  Сіздің болашақ жарыңыз – Нұрлыбек!!!

 « Мұсылман күнделігі»                              

Жеке архив: 5 маусым 2015 жыл.

Нурлыбек СабыргалиевНурлыбек Сабыргалиев
9 лет назад 18902
0 комментариев