Араб әдебиетінің хал-ахуалы туралы. Шейх Әли Жұма- араб әдебиетінде
Араб әдебиетінің хал-ахуалы туралы. Шейх Әли Жұма- араб әдебиетінде

Әлем әдебиеті!!!

«Араб әдебиетінің хал-ахуалы туралы. Шейх Әли Жұма- араб әдебиетінде»

 

    Осыдан екі күн бұрын өзім оқитын колледж кітапханасының есігін тоздыра жүріп бір керемет кітапқа көзім түсті. Бұрын-соңды кездестірмеген, оқып көрмеген кітап. Кітаптың аты – «Араб жазушыларының әңгімелері». Кітап ескі. Алматы қаласында 1958 жылы шығарылған кітап екен. Сыртқы мұқабасында «Данышпандар кітабы» деп жазылыпты. Сонымен, құлақ түрейік. «Данышпандар кітабы» біз естімеген не сыр айтады екен?

 

Араб әдебиетіне қысқаша шолу.

 

Жаңа араб әдебиетін бір ғана  елдің емес, бүкіл Арабия түбегінің – Египет (Мысыр), Сирия, Ливан,  Иордания, Ирак, Алжир, Тунис, Морокко елдерінің халықтары туғызуда. Жаңа араб әдебиеті әдетте ХІХ ғасырдың басында туды деп есептеледі. Бұл түрік билеп тұрған дәуірдегі мәдени тоқырау орнына араб әдебиеті мен ғылыми  мұрасын қайта «өркендету» талабы туған кез болатын. Осы кезде араб жұртшылығы Батыс Еуропа мәдениетімен танысады. Француз, ағылшын әдебиеті, ал ХІХ ғасырдың аяғын ала орыс әдебиеті араб тіліне аударыла бастайды. Араб тілінде Пушкиннің, Гогольдің, Толстойдың,Чеховтың, 1905 жылғы орыс революциясынан кейін Горькиидің кітаптары  басылып шығады.Араб тілі жүздеген жаңа сөздермен байытылады.

Араб әдебиетіне жаңа көрік беру  баспасөз публицистика арқылы келеді. ХІХ ғасырдың 80-90 жылдарында Египет пен Сирияда тәуелсіздік идеясын , әлеуметтік прогрессивтік өзгерістер енгізуді, әйелдерді азат етуді уағыздаған талантты публицстер тобы әдебиет майданына шықты. Арабтың бұл  прогрессивтік жаңа публицистикасы ХХ ғасырдың басынан – « Азияның ояну» дәуірінен бастап көрнекті орын ала бастады.

Жалпы, араб әдебеиетін «сириялық-американдық» және «мысыр модернизмі» деп екіге бөлеміз. «Сириялық – америкалық» әдеби мектебінің ерекшелігі: бұлар Ливан және Сириямен қатынасын үзбей отырып, Батыстың мәдениетіне анағұрлым жақын араласты, арабтың ескі әдеби дәстүріне еліктеуді азайтты, кейде тіпті ол дәстүрді қолдануды да қойды. Ол мектептің өкілдері: Джебран Халиль Джебран (« Сынған қанат»), Әмин Рейхани («Харамхана сыртында»)  Михаил Нуайма, Әбдул Масих Хаддад және өзгелер.

            «Мысыр модернизмінің» ерекшелігі: мысыр қоғамының тұрмысын, халықтың тұрмыс-салтын, әдет-ғұрпын, көзқарасын, сезімін шынайы, қалтықсыз бейнелейтін әдебиет жасады. Бұл тақырыптағы деректерді Хусейн Хайкалдың «Зейнеб» (1914) повесінен, Тахи Хусейннің «Күндер» (1929) атты өмірбаянынан, әл Мазинидің «Ибрахим журналист» (1931) романынан, ағайынды Теймур мен ағайынды Убейдтердің новеллаларынан,  олардан гөрі жас автор- Тауфиқ әл Хакимнің бірнеше шығармаларынан байқауға болады. 20-30 жылдары  бұл жаңа ағымға  басқа да араб елдерінің, атап айтқанда Сирияның, Ливанның, Ирактың жазушылары да қосылды.Олар да осы тақырыпты көтеріп, әдебиетті  «қарапайым еуге», оқушының көкейіне қонымды етуге тырысады.

 Қолымдағы бұл кітап оқырман қауымды  араб әдебиетіндегі реалистік бағыттың туу дәуірімен (1910-1930) таныстырады. Бұл жинақта «сириялық- америкалық» мектептің  уәкілдерінің алғашқы прогрессивтік публицистиксы, әңгімелері, қарасөзбен жазылған өлеңдері, алғашқы «мысыр модернистерінің» және осы ағымның ізбасарлары Ливан мен Ирактың кейбір жазушыларының шығармалары енгізіліпті. Соғыс алдындағы публицистикадан бұл жинаққа Вали ад-диниекуннің (1873-1921) жеке шығармалары енгізілген.

«Сириялық – американдық» мектеп өкілдерінен суреткер, ақын,  махаббат пен сұлулықтың жыршысы , бостандықты арман еткен Джебран Халиль Джебранның (1883-1931) шығармалары және Әмин Райханидің (1879-1940) кіші формадағы шығармалары осы жинаққа енді. Мысыр (Египет) новеллаларынан бұл жинаққа үш автордың  Мухаммад Таймурдың, Шихата Убайдтың және Махмуд Таймурдың шығармалары бар. Жинаққа Египеттен сыртқары елдерде тұратын екі жазушының, «мысыр модернизмінің»  ізбасарлары  Сальма Саиг (Ливан) пен Зун-нун Аюбтың (Ирак) шығармалары да енгізіліпті

                                     ________________________________________________________________________________

Шейх Әли Жұма - араб жазушылары шығармаларында

_____________________________________________________________________________

Мысырдың атақты жазушысы, көрнекті қаламгері, драматург, әдебиеттанушы, Каирдағы «Араб тілі академиясының» мүшесі, египеттегі реалистикалық новелланың негізін салушылардың бірі Махмуд Таймурды (араб. محمود تيمو‎) (16 маусым, 1894 , Каир — 25 тамыз, 1973, Швейцария) атамай кетуге болмас.  Махмуд Таймур  "Шамрух" (1958) және «Көк шамдар» (1960) атты әлеуметтік романдардың, әңгімелердің, пьесалардың, тарихи зерттеулердің және әдебиет теорияларының авторы.

     Бұл еңбекте Махмуд Таймурдың «Шейх Жұма» деген шағын өмірбаяндық  әңгімесі беріліпті. «Шейх Жұманы мен балдырған бала кезімнен – көбелек қуалап, қызыққа батып жүрген күндерімнен бері білемін» деп басталатын бұл әңгіме шындыққа өте жақын. Тахмуд Таймур мен Әли Жұма бір-бірімен жүздесті деуге толық негіз бар. Екеуі де бір елдің, бір қаланың тұрғындары.  Жазушы шейхты: «... бірақ шейх Жұма баяғы қалпында. Ол басына қызыл сәлде, үстіне ұзын жеңді жейде киіп, күлімсіреп, мойнын ілгері сәл соза жүретін сол қалпы. Нұрлы көзді, қоңқақ мұрын, ақ шалғын қою сақалды, маңдайына әжім іздері түскен, тәні мен жан азығының қорегі сияқты, жүзі қызыл шырайланып, бетінен майы тамған. Ол күн шықпай таңғы азанға бару үшін сәресіде тұрады. Ұзақ күннің көп уақытын Аллаға сыйынып, намаз оқып өзеннің жағасында өткізеді», [«Араб жазушыларының әңгімелері», Алматы, 1958 ж, 173-174-б.б.]-деп суреттейді.

    Біз білетін шейх Жұма 1952 жылы 3 наурызда ислам отбасында дүниеге келген. Әкесі заңгер. 10 жасында Құранды толық жаттап алып, әлі кәсіптік оқу орнына түспей жатып мектеп жасында-ақ 6 хадис кітабын (кутубус ситта) оқып үйреніп, мәлики мәзһабының фикһын жетік меңгеріп алған-тұғын. Кейін мектеп бітірген соң колледждің «сауда-саттық» мамандығына оқуға қабылданып, кейін «Ал-Азһар» университетіне оқуға түседі. 1979 жылы атылмыш оқу орнының бакалавриатын аяқтап, магистратураға түседі. 1985 жылы «магистрант» атанады. 1988 жылы докторлықты да алады. 2003 жылы исламның көптеген  саласын меңгерген шейх Египеттің Жоғарғы Муфтиі атанады.

            Бұл – мен де, сен де, ол да білетін шейхтың бір ғана қыры. Ол бос уақытында немен айналысатын? Не оқып, не тыңдайтыны бізге қызық. Бұл сұраққа Махмуд Таймур жауап береді. Жазушы оны бала кезінде кездестіріп, оның жалықпай Сүлеймен патшаның тарихын, мың-мың жыл өмір сүрген кәрі бүркіттің оқиғасын ерінбей айтып беретінін, өзінің есейгенде  әлі де шейхқа барып сол ертегілерді жалықпай тыңдайтынын айтады.

  «Намаз оқитын жеріне келіп, қатар отырып әңгімесін тыңдадым,-дейді жазушы. – Ол маған өзі туғанға дейін болған бүкіл әскермен жалғыз алысқан әл-Бәдәуи мырзаның тарихын,  бұдан мыңдаған жылдар бұрын тозақтан ұшып түскен отты шоқтың жайын әңгімеледі.Жаратқан ием бақытсыздықтан құтқару үшін отты сөндіруге бар теңіз суын жұмсапты, бірақ адамдарды зор кесапаттан сақтандырмақ болғандай, сөнбей тұрып алыпты.  Сонда шейхтың:

-О, Жаратқан ием, дүние суы сөндіре алмаған бір шоғы осындай, ал күнәһар жандардыкүтіп отырған дозақтың өзі қандай екен!?- деп жалбарынған мұңды жүзі әлі күнге дейін кө алдымнан кетпейді»,-дейді жазушы.

 Кейде жазушы өзіңің оған «Мың бір түннің» кітабынан Симбад және «мыс қаланың» тарихы жайындағы әңгімені оқып беретінін және оны шейх аузынан суы құрып тыңдайтынын айтады. Ол Харун Рашидтың тарихын оқығанында, шейх былай дейтін:

-          Бұл жындармен, адамдармен соғысқан исламның  патшалардың патшасы.

Ал Абу Нуас немесе Омар ибн АбуРабианың  лирикалық өлеңдерін оқығанда шейх:

-          Бұл Алла тағаланы жыр ететін Абду Рахим әл Бура-и мырзаның өлеңдері,-дейтін.

Бұдан Әли Жұманың өз елінің тарихын өз алдына, араб  әдебиеті тарихын білетінін дәлелдеп отыр.

Жазушы әңгімесін былай жалғастырады: « Шейх Жұма әулиелердің моласының басына құран оқып қайтуға Каирға  келген кезде біздің үйге түсетін. Мен өзінің хабарында жоқ кейбір мәселелер жайында сауал қоятынмын. Ал ол болса, жайдары, еркін жауап қайтаратын, еш қымсынбайтын. Бір күні кешке мен одан электр шамын көрсетіп, сауал қойдым:

-Жұма ағай, мынау шамның лезде жанып, лезде сөніп жымыңдап тұрғанын көрдіңіз бе? Сіз осыған қарап, бұл европалықтардың табысын, данышпандығын көрсететіндігіне бұлтартпас дәлел екеніне күмәніңіз бар ма?

-Балам, біліп қой, бұл дінге сенушілерге белгісіз, шайтанға белгілі, шайтанның ісі. Ал шайтан бұл құпиясын тек дінсіздерге ғана білдіреді. Шындығына келсек, олардың өмірі – жер бетінде, біздің өмір о дүниеде болашақ. – Сонан соң ол қолын жайып: - О,Жасаған, дінсіз етіп жаратпағаныңа шүкір!-деді.[Сонда. 174-175 бб]

Кейін жазушы ол кісінің дініне беріктігін, алайда оның сопы емес екенін, ойын- сауықты да ұнататынын тілге тиек етеді. [ 175-бет]

Жазушы өз шығармасын: «Шейх Жұма өзінің діншілдігін бақыт деп санайтын. Теріс философиядан аулақ, шынайы бақытқа бөленген, сол бақыт жұмағын толық пайдаланатын адам. Міне, шейх Жұманың жәйі осылай»,-деп аяқтайды.

                                                          __________________________________________________________

Түйін сөз

___________________________________________________________

 

Керемет шығарма!!! Әли Жұма қашанда жүрегімізде. Махмут Таймурдың өзге де әңгімелерімен таныспын. Жазушының «Эмм Митуалли», «Сені де қыз сүйе ме?», «Өлім ойыншығы», «Төлем» және өзге де әңгімелері бар.  «Шейх Жұма» шығармасында кейбір оқиға желілері шариғатқа, шындыққа  келіңкіремейді. Оның да себебін ұғуға болады. Оның себебі, академик, ғалым Ғарифолла Есім айтқандай: «Шығарма – идея шындығы, өмір шындығы емес». Бірақ, оқуға тұратын еңбектер екен. Махмуд Таймурдың шығармаларын оқуға кеңес беремін. Әсіресе, «Шейх Наим, имам немесе көп қатын алушы» атты әңгімесі тіптен қызық. Жалпы, араб жазушыларының басты ерекшелігі –оқуға жеңіл, көлемі шағын, түсінуге қолайлығында!

Жас зерттеуші:

Сабырғалиев Нұрлыбек

Нурлыбек СабыргалиевНурлыбек Сабыргалиев
9 лет назад 7471
2 комментария
  • араб әдебиеті мен үшін "темный лес". танысу керек екен
    9 лет назад
  • Ия. Танысыңыз... Оқыңыз. Қызық дүниелер. Арабтар тек шариғатты ғана емес, әдеби шығарма жазуды да жетік меңгерген. Араб әдебиеті бастысқа еліктейді. Көбісі бейнамаз не христиан не еврей дінін ұстанатын арабтар ғой. Олар әлбете батысқа еліктейді. Ал, шынайы мұсылман. тақуа арабтар әдебиетке назар салмайды. Егер бәрі Құранның мазмұны бойынша шығарма тудырса батыс пен шығысты он орап алар еді
    9 лет назад