« Әһли Суннаның» ибн Тәймия мен Мухаммад бин Абдул Уаһһабқа және тағы да басқаларға еруші уаһабистерге қарсы ашық дәлелдері
« Әһли Суннаның»  ибн Тәймия мен Мухаммад бин Абдул Уаһһабқа және тағы да басқаларға еруші уаһабистерге қарсы ашық дәлелдері

« Әһли Суннаның»  ибн Тәймия мен Мухаммад бин Абдул Уаһһабқа еруші уаһабистерге қарсы ашық дәлелдері

/ Аллаһ Тағаланы отырудан пәктеу /

Әһли Сунна: Аллаһ Тағала Аршыға, Күрсиге отырмайды. Өйткені отыру – адамзаттың сипатынан.

Дәлел:  «Еш нәрсе Оның мысалындай бола алмайды». /Шура 11-аят /

Әбу Ханифа (р.а.): «Біздің сеніміміз бойынша: Алла Тағала «Аршқа истиуә етті». (Алайда) Ол Аршқа мұқтаж емес және онда орналаспады... Егер отыруға және тұрақтауға мұқтаж дейтін болсақ, онда Ол Аршты жаратпай тұрып қайда болды?! Ондай (түсінік) Алланың ұлықтығына сай емес». 

Уаһабистер:  Олар Алланы адамға ұқсатып, Аллаһ Аршыда отыр деп айтады. («Фатхуль мәджид» Абдуррахман бин Хасан бин Мухаммад бин Абдул Уаһһаб 356-бет. Дәр Ас Салям. Эр Рияд, Саудия)

/ Әл Курси /

Әһли Сунна: Курси дегеніміз Аллаһ Тағала оған мұқтаж болмастан жаратқан Аршының астындағы үлкен бір жаратылыс.

Дәлел: «Оның Күрсісі (білімі) көктер мен жерді сыйдырады».  (Бақара, 255-аят)

Уаһабистер:  Усаймин болса: "Курси- Алланың табаны тұратын орын»,-деді. («Тафсир аят аль курси» 19-бет. Мактаба ибн Жаузи)

 

/Аллаһты дене мен мүшелерден пәктеу/

Әһли Сунна: Аллаһ дене емес. Оның  дене мен мүшесі жоқ.

Дәлел: «Оған еш нәрсе тең емес» (Ықылас, 4-аят)

Уаһабистер: Ибн Баз айтты: «Аллаһтан дене  мен мүшені қайтару жақсы емес» («Танбиһат әр Рад аля мән тә әууәлә әс сифат» 19-бет. Әр Риаса әл әммә лилифта Әр Рияд)

/ Адам (ғ.с.) /

Әһли Сунна: Адам (ғ.с.) – пайғамбар.

Дәлел: Аби Умамадан жеткен хабарда бір ер адам Пайғамбарымыздан (с.а.с.): «Ей, Аллаһ Елшісі! Адам пайғамбар ма?»,-деп сұрады. Аллаһ Елшісі (с.ғ.с.): «Иә»,-деді. («Сахих ибну Хиббан») Уаһабистер. Олар:  «Адам елші де, пайғамбар да емес»,-дейді. (Абдуллаһ бин Зәид  «Әл иман бил Әнбия Жумләтән» Аль мактаб әл Ислами Бейрут)

/ Тозақ /

Әһли Сунна: Тозақ және ондағы кәпірлердің азабы аяқталмайды.

Дәлел: « Ал енді қарсы келушілер үшін тозақ оты бар. Оларға өлім үкімі берілмейді.Аларға азап жеңілдетілмейді. Әрбір қарсы келушілерді осылай жазалаймыз» (Фатыр 36-аят). 

Уаһабистер. Олар: «Тозақ пен оның азабы аяқталады»,-деген. (Абдул Карим әл Хамид «Әл Қаул Әл мухтар лифанәи ән нәр» 7-бет. Эр Рияд)

 / « Лә иләһә иллаллаһ» сөзі /

Әһли Сунна: Бұл сөзді мың мәрте, одан да көп айтсаң да болады.

Дәлел: «Әй  муминдер! Аллаһты көп зікір етіңдер», (Ахзаб,  41-аят) делінген.

 Уаһабистер. Олар  айтады: «Бұл шариғи зікірден шығу. Бұл жаңалық енгізу»  («Хилқат мамнуға» 25-бет. Хисам ал Ақад)

/ Пайғамбарымыз ( с.а.с.) арқылы тәуәссул қылу /

Әһли Сунна: Мұсылмандарға рұқсат етіледі. «Аллаһым! Мұхаммадтың (с.а.с.)   құрметі үшін ауруыма шипа бер»,- деп айтуға.

Дәлел: «Аллаһым! Ақиқатында мен сенен  сұраймын. Сенен сұраушылардың хақымен» (Ахмад және ибн Мәджәһ)

Уаһабистер: Салих бин Фаузан мен басқа да уаһабистер: «Пайғамбарымызбен (с.а.с.) тауассул қылуға болмайды»,-дейді. («Әт таухид» 70-бет. Эр Рияд)

/ Шағбан айының ортасы /

Әһли Сунна: Арнап Шағбан айының ортасын оразамен, түнін намазбен өткізуге болады.

Дәлел: «Егер Шағбан түнінін жартысы болса түнін намазбен, күндізін оразамен өткізіңдер» (ибн Мәджәһ)

Уаһабистер: Салих бин Фаузан мен басқа да уаһабистер мұны харам деді.  («Әт Тәухид» 101-бет)

/ Әйелдердің Пайғамбарымыздың (с.а.с. ) және де басқа да мұсылмандардың қабірін зиярат етулері/

Әһли Сунна: Оған рұқсат.

Дәлел: Абдуллаһ ибн Әби Муләйка: «Бір күні Айша (р.а.) анамыз қабірстан жақтан келе жатты. Мен: «Ей, Мүміндердің анасы! Қайдан келе жатырсыз?»,-деп сұрадым. Ол: «Абдуррахман ағамның қабірін зират етіп келемін»,-деді. Мен оған: «Аллаһ Елшісі (с.а.с.) қабірлерге баруға тыйым салма па еді!?»,-дедім. Ол: «Иә, тыйым салған еді. Алайда, кейін қабірлерді зират етуге бұйырды ",-деді." (Хаким, Мустадрак, 1/375)

Уаһабистер: Усеймин айтты: « Пайғамбардың қабірін зиярат  ету әйелдерге харам. Тіпті үлкен күнәлардан»,-деген. («Фәтәуә муһимма» 149-бет. Эр Рияд)

/Аллаһты суреттеп пәктеу /

Әһли Сунна: Аллаһ адамға ұқсамайды. Оның суреті мен пішімі жоқ. Ол Аллаға кемшілік ету болады. Аллаһ кемшіліктен пәк.

Дәлел: «Оған еш нәрсе ұқсас емес» (Шура 11-аят).  «Біреудің: «Аллаһ Туралы кемшілік еткеніме және мазақтаушылардан болғандығыма маған нендей өкініш»,-дейтін күнді еске алыңдар» (Зумәр, 56-аят)

Уаһабистер. Олар Алланың суреті мен пішімі бар дейді. («Ақидатул әһлу әл иман фи халқи Адам аля сурат әр Рахман» 40-бет. Эр Рияд)

/ Пайғамбардың (с.а.с.) қабірін зират қылу /

Әһли Сунна: Пайғамбарымыздың (с.а.с.) қабірін зират қылудың абзалдығы хадистермен бекіген.  Дәлел: Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Менің қабіріме зират қылса, оған шапағатым тиіс болады»,-деген. (Дарақутни).

Уаһабистер:   Ибн Баз: «Пайғамбардың (с.а.с.) қабірін зират қылу жайында келген хадистер жалған»,-деген. («Әт Тәхқиқ уә әл идах ли касир мин мәсәили әл хәж уә әл умра» 89-бет

 / Қабірге тал егу /

Әһли Сунна: Мұсылман қабіріне тал егуге болады.

Дәлел: Бірде Аллаһ Елшісі (с.а.с.) екі қабірдің жанынан өтіп, құрманың талын екіге сындырып қабірдің әрбіріне қойды да: «Мүмкін ол екеуіне жеңілдік берер»,-деді. (Бухари 1/54)

Уаһабистер: Ибн Баздың : «Қабірге тал егу шариғатта жоқ»,-дегенін имам Ибну Хаджар  (р.х.м.) келтіреді.  («Фәтхуль Бәри» 1/320. Дәрул Мағрифа)

/ Пайғамбарымыздың (с.а.с.) қабірін зират қылуға арнайы сапар қылу/

Әһли Сунна: Пайғамбардың (с.а.с.) қабірін зират қылуға арнайы сапар қылуға болады.

Дәлел: Аллаһ Елшісі (с.а.с.): « Кім қабіріме зират қылса оған шапағатым тиіс болады",-деген. (Дарақутни).

Уаһабистер: Ибн Баз: «Пайғамбардың (с.а.с.) қабірін зират қылуға болмайды, тіпті қажылықта болса да»,-деген. («Әт Тәхқиқ уә әл идах ли касир мин мәсәили әл хәж уә әл умра» 89-бет )

/ «Садақаллаһу әл Ъазыйм» сөзі /

Әһли Сунна: Бұл сөзді Құран оқып болған соң айтуға болады. Бұл жерде Аллаһқа мадақ бар, мақтау бар.

Дәлел: « Ей, Мухаммад! Садақаллаһу әл Ъазыйм деп айт»  (Әли Имран, 95-аят).

Уаһабистер: Ибн Баз: «Құран оқып болған соң ол сөзді айту бидғат»,-деген. («Тәуджиһат Исләмия» 81-бет. Мухаммад Зәйну)

/ Үйлену /

Әһли Сунна: Мұсылман әйелді намаз оқымайтын мұсылман ерге беруге болады. Егер де қандай да бір мұсылман намазын тастап қойса кәпір болмайды. Ол мұсылман қызды ол ерге беруге болады.

Дәлел: «Аллаһ Өзіне серік қосқанды кешірмейді, ал одан өзге күнәні кімге қаласа кешіреді»,-деген. (Ниса, 48-аят). Намаз оқымаған адамды Аллаһ ҚАЛАСА кешіреді. Ал, кәпірді ешқашан кешірмейді және оларға мәңгі тозақ.  (Ескерту: Әлбетте, бұл намаз оқымайтын ерге қыздарды бере беру керек екен деген сөз емес. Беруге рұқсат. Себебі, оның кәпір болмағандығы үшін. Шариғатта «рұқсат» деген бар және «абзал» деген түсінік бар. Сол себепті намазхан қызды бейнамаз ерге бермеген абзал. Берген кісі бірақ күнә жасамаған саналады. Авт.)

 Уаһабистер. Олар: «Кімде-кім намазды тастаса оған қыз берілмейді»,-деген. («Фатауа әл марати» 103-бет. Әр Рияд. Дәр әл Уатан)

/ Әйелдің дауысы /

Әһли Сунна: Әйелдің  ҚАЛЫПТЫ дауысы әурет емес.  Сахабалар фақиһ Айша (р.а.) анамыздан үкімдер, хадистер жайлы ауызба-ауыз сұрайтын.

Дәлел: Абдуллаһ ибн Әби Муләйка: «Бір күні Айша (р.а.) анамыз қабірстан жақтан келе жатты. Мен: «Ей, Мүміндердің анасы! Қайдан келе жатырсыз?»,-деп сұрадым. Ол: «Абдуррахман ағамның қабірін зират етіп келемін»,-деді. Мен оған: «Аллаһ Елшісі (с.а.с.) қабірлерге баруға тыйым салма па еді!?»,-дедім. Ол: «Иә, тыйым салған еді. Алайда, кейін қабірлерді зират етуге бұйырды ",-деді." (Хаким, Мустадрак, 1/375)

(Ескерту!!! Бұл жерде әйелдің қалыпты жағдайдағы дауысы айтылған. Бөтен ердің қасында қылымсып, назданып сөйлеу – харам. Қараңыз: Ахзап, 32-аят. Авт.)

Уаһабистер. Олар: «Әйелдің дауысы әурет бөтен еркектердің қасында»,-деген. («Фатауа әл марати» 211-бет. Әр Рияд. Дәр әл Уатан)

/ Харам мешітімен Пайғамбар (с.а.с.) мешітінің азан айтатын мұнарасы /

Әһли Сунна: Азан айту үшін мұнара салуға болады. Бұлардың салынуы салафтардың кезінен келе жатыр. Ғалымдар бұны жақсы деп санады.

Дәлел: Бұның дәлелі осы мұнаралардың осы күнге дейін жалғасып келуі.

Уаһабистер:  Мухаммад Зәйну: « Мешіттердің бұлай мұнараларын көбейтуге болмайды. Бұл бидғат» ,-деген. («Тәуджиһат Исләмия» 123-бет. Мухаммад Зәйну. Әр Рияд)

/ Өлікке хабарландыру беру /

Әһли Сунна: Белгілі бір адамның өліміне хабарландыру беруге болады. Бұл надандық дәуірінен басқа жағдай.

Дәлел: Имам Науауи (р.х.м.) бұны болады деген. 

Уаһабистер:  Мухаммад Зайну: «Парақтармен өлімді хабарлау бидғат. Бұл мұсылман еместерге ұқсау»,-деген. («Тәуджиһат Исләмия» 136-бет. Мухаммад Зәйну. Әр Рияд)

/ Өлікке Құран оқу /

Әһли Сунна: Өлген мұсылманның артынан Құран оқуға болады.

Дәлел: Абдуллаһ ибн Омар өлген адамның артынан Құранның алғашқы және соңғы сүресін оқитын.  (Имам Ән Науауи «Хуласа әл-Әхкам» 2/1028)

Уаһабистер: Олар: «Бұлай жасау харам. Істеушісі ақыретте азапталады»-деген  («Тәуджиһат Исләмия» 137-бет. Мухаммад Зәйну. Әр Рияд)

/Қадір түнін тойлап атап өту/

 Әһли Сунна: Қадір түнін тойлауға болады. 

 Дәлел: «Жақсылық қылыңдар.Мүмкін құтыларсыңдар",-деген (Хаж 77-аят).  Абдуллаһ ибн Масғуд (р.а.): «Мұсылмандар жақсы деп есептеген нәрсе Алланың алдында да жақсы»,-деген.

Уаһабистер: Олар мұны харамға жатқызды. («Фатауа муһимма» 50-бет. Әр Рияд)

/ Тұмар тағу /

Әһли Сунна: Пайғамбардан (с.а.с.) келген дұғаларды, Құран аяттарын тақса болады.

Дәлел: Сахаба Абдуллаһ бин Амир бір дұғаны жазып, дем салып балиғатқа  толмаған балалардың мойнына іліп қоятын. (Тирмизи 3402, 3528)

Уаһабистер: Ибн Баз  Құран аяттарын көкірекке байлауды харам деген. («Фатауа муһимма» 110-111-бет. Әр Рияд)

/ « Қайырлы таң», «Қайырлы кеш» , «Рахмет» деп айту /

Әһли Сунна: Айтуға болады.

Дәлел: Муджтаһид ғалымдардың еш бірі бұны харамға шығармаған. Тіпті бұл  Яһудилерге ғана тән сипат емес.  Аллаһ Құранда: «Көктер мен жердің жаратылысы және ТІЛДЕРІҢ  мен түстеріңнің ӘР АЛУАНДЫҒЫ Оның белгілерінен»,-деген. (Рум, 22-аят). Сәлемді  және алғыс сөздерін  әр ұлт әр түрлі тілде, әр түрлі сөзбен жеткізуі мүмкін.Оған кеңшілік бар.

Уаһабистер : Олар бұл сөзді айтуды қате деген.  Өйткені бұл яһудилерге  ұқсау деген. («Ахта шааиъа» 68-бет. Мухаммад Зайну. Әр Рияд. Дәр әс Самиъа)

/ Бисмилләһир рахманир рахим /

Әһли Сунна: Мұсылман адам бұл сөзді тамақтан алдын толық айтса болады.

Дәлел: Бұл сөзді айтуға болмайтындығы туралы бірде бір хадис келмеген.

Уаһабистер: Олар бұл сөзді толық айту қате, дінге жаңалық енгізу дейді.  («Ахта шааиъа» 69-бет. Мухаммад Зайну. Әр Рияд. Дәр- әс Самиъа)

/ Діни өлеңдерге барабан соғу /

Әһли Сунна: Діни өлеңдерге барабан соғуға болады.

Дәлел: Бірде Пайғамбарымыз (с.а.с.) барабан соғып, «Ей Мухаммад, қандай жақсы көршісің»,-деп  әндетіп жатқан әйелдердің жанынан өтеді. Пайғамбарымыз (с.а.с.): « Аллаһ біледі. Расында мен сендерді жақсы көремін»,-деген. (Ибн Мәджәһ 2/1333 «Сахих» хадис)

Уаһабистер: Усаймин: «Діни өлеңдерге барабан ұруға болмайды»,-деген. («Ал лиқау әш Шаһри» 32-33-бет.Әр рияд, Дәр әл Уатан)

/ Муташабиһ аяттарға мағына беру /

Әһли Сунна: Егер Құранға, араб тіліне қайшы келмесе ғана муташабиһ аяттар мен хадистерге мағына беруге болады.

Дәлел: Пайғамбарымыз (с.а.с.) ибн Аббасқа былай деп дұға еткен: «Аллаһым оған хикметті және Құранның тәуилін үйрет». (Бухари уә ибн Мәджәһ) . Тәуил – сөздің нақты мағынасын алмай, екінші ауыспалы мағынасын алу (фразеологизм). Неге екінші мағынасын аламыз? Себебі:

- Құранда: «Аллаһ Саған Құранды түсірді. Онда мағынасы айқын мухкам аяттар бар.Олар Құранның ІРГЕТАСЫ ҺӘМ ТІРЕГІ»,-делінген. (Әли Имран, 7-аят) . Яғни, «Оның еш ұқсасы жоқ» (Шура, 11-аят) деген аят- қотғи дәлел және негіз. Біз  муташабиһ аяттарды осы аяттың ШЕҢБЕРІНДЕ ҰҒУЫМЫЗ КЕРЕК.

- Құранның мағынасын  тура ала берсек, кейбір аяттар сырттай бір-біріне қайшы. (Тәуил арқылы ол қайшылықтан құтыламыз.Себебі, аяттар бір-біріне қайшы келмейді негізі. Авт.) Мысалы, «Аллаһ аршыға истәуә етті» (Таһа 5-аят) және «Аллаһ аспанға истәуә етті» (Бақара, 29-аят) деген қарама-қайшы қос аятты қалай түсінеміз? Әлбетте мағынасын Аллаға қалдырамыз немесе тәуил жасаймыз. Тікелей түсіне алмаймыз. Немесе, «Олар Аллаһты ұмытты және Аллаһ оларды да ҰМЫТТЫ»  (Тәубе, 67-аят) деген аятты ше? «Аллаһ ұмытат» десең кәпір боласың. Әлбетте, «Рақымымен қарамай тәрк етеді» деп ұғынамыз оны.

Уаһабистер: Олар  Аһли Суннаны (Матруди, Әшғари)  муғаттилә дейді. «Себебі, олар муташабиһ аяттарға мағына береді»,-деп түсіндіреді. («Әл қауаид ал мисли» 45-бет. Эр Рияд) Ал бұл қате. Себебі, Аһли Сунна таътилді (сипатты жоққа шығаруды) қате дейді. Сипатты мойындайды да, бірақ оны дене демейді.

/ Жаназаның артынан кәлима айту /

 Әһли Сунна: Жаназаның артынан Кәлима айтуға болады.

Дәлел: Өйткені Аллаһты зікір ету өлген мәйітті ғайбаттаудан тосады. Бұған шариғат тыйым салмаған.

Уаһабистер: Олар  айтады. «Бұлай қылуға болмайды. Бұл шариғатқа теріс»,-деген. («Әл мәут азатуһ уа ахкамуһ» 29-бет)

/ Жаназаны көлікпен алып жүру /

Әһли Сунна: Алып жүруге болады.

Дәлел: Ол харам емес. Болады, бұл тек кәпірлерге ғана тән амал емес. Бұл - жеңілдік. Бұл - Алланың садақасы. Пайғамбарымыз (с.а.с.) : «Алланың садақасын (жеңілдігін) қабыл алыңдар» ,-деген. (Муслим 1/478)

Уаһабистер: «Бұлай ету кәпірлерге ұқсау. Шариғатта болмайды»,-деген. («Әл мәут азатуһ уа ахкамуһ» 29-бет)

/ Араб тілінен өзге тілде сөйлеу /

Әһли Сунна: Араб тілінен өзге тілде сөйлеуге болады. Бұған шариғат тыйым салмаған.

Дәлел: «Көктер мен жердің жаратылысы және ТІЛДЕРІҢ  мен түстеріңнің ӘР АЛУАНДЫҒЫ Оның белгілерінен»,-деген. (Рум, 22-аят).

 Уаһабистер: Салих бин Фаузан: «Болмайды. Олардың тілінде сөйлеу оларға ұқсаған болып саналады»,-деген. («Әл уәлә уә әл бара» 7-бет. Эр Рияд)

/ Күн тізбесімен Рамазан оразасын ұстау /

 Әһли Сунна: Болады.

Дәлел: Егер шариғи уақыты қадағаланып тұрса,  күнтізбемен Рамазан оразсасын ұстауға болады. Бұған шариғат тыйым салмаған.

Уаһабистер: Олар  айтады: «Бұлай жасау дінге жаңалық енгізу, бидғат» («Әлфәз уә мәфәһим» 67-бет. Шейх Усеймин. Эр Рияд)

/ Тәспі тарту /

Әһли Сунна: Болады.

Дәлел: «Бірде Пайғамбарымыз (с.а.с.) Әйел саһабалардың бірі кішкентай тастармен тәспі тартып отырғанын көрді. Бірақ оны одан қайтармады» (Тирмизи 5/562). «Сунән Әбу Дәудке» шарх жазған Мухаммад Шәмс әл-Хақ : « Тәспіні бидғат дейтіндер дұрыс іс істемеген болады»,-деген. («Аунул Маъбуд» 4/367)

Уаһабистер: Олар айтады: «Тәспімен зікір қылу бидғат» («Әл һидаят әс Сунния» 47-бет. Мухаммаад бин Абдул Уаһһаб) 

Дайындаған: 

Сабырғалиев Нұрлыбек

«Ақтөбе» медресесінің және

«Ақтөбе гуманитарлық колледжінің»  шәкірті

 

Нурлыбек СабыргалиевНурлыбек Сабыргалиев
8 лет назад 11633
5 комментариев
  • оның ұқсасы мен теңдесі жоқ (ықылас сүресі)
    8 лет назад
  • Ия. Әлбетте. Халыққа ақидадан сауат керек. Өз Раббымызды ташбиһсіз танып, таътилден қашып, танзиһпен дұрыс білу керек.
    8 лет назад
  • Уаһабилер мұсылман болып Аллаға жағынуды емес, Уаһаби болып арапқа жағынуды артық көретін сияқты.
    8 лет назад
  • Ия Марат аға. Мен де солай санаймын. "Араб тілінен өзге тілде сөйлеуге болмайды" деген ақымақтыққа толы фатуаларынан осы байқалып тұр. Тіпті көптеген "фатуаларын" оқып қатты күлкім келді. Жай күлкі емес, "сарказммен" күлдім
    8 лет назад
  • BQ
    Алла Тагаланы белгили бир жаратылыстарга уксатып шектеп, сипат беру дурыс емес. Алла баршамызды Тура жолдан адастырмасын.
    8 лет назад