Абдулхамид Тахмаз: "Неке бабы" 1-дәріс 1-бөлім
Абдулхамид Тахмаз: "Неке бабы" 1-дәріс 1-бөлім

НЕКЕ БАБЫ. 1-сабақ. І-бөлім. Исламдағы неке

Автор: Абдул Хамид Тахмаз

Дереккөз: «Ахуал Шахсия» кітабы

6TUKh_ix3LA

Еркек пен әйел

Барлық жаратылыстардың еркек және әйел жыныстарына бөлінуі Алланың бар екендігінің, Оның ұлықтығының белгілерінің бірі болып табылады. Сол себептен Алланың ұлықтығы мен барлық нәрсеге үстемдігі жайлы айтылатын аятта былай делінген:

«Шын мәнінде күлдірген де, жылатқан да Ол. Өйткені, өлтірген де, тірілткен де Ол. Шүбәсіз, Алла ер, әйелді жұп жаратқан. Тамызылған бір тамшы «мәни» суынан.» («Нәжм», 43-46).

Бұлай екі жынысқа бөліну тек адамдар мен хайуандарға ғана тән емес, сонымен қатар микроәлемде де теріс зарядталған бөлшектер оң бөлшектерге тартылады, бұл ер адамның әйел адамға, немесе еркек хайуанның ұрғашыға тартатыны секілді. Алла Тағала былай деді:

«Сондай пәк Алла барлық нәрсені жұп-жұбымен жаратты. Мейлі ол жерден өсірген нәрселерінен болсын, мейлі өздері өндірген және тағы білмегендерінен болсын.» («Ясин», 36)

Сондай-ақ, Алла Тағала айтады: «Қураған жерді көресін. Оған жаңбыр жаудырсақ, құлпырып, көпсіді де әр түрлі көркем өсімдік өндірді.» («Хаджж», 5)

Сондай-ақ Алла Тағала айтады: «Түсінулерің үшін әр нәрсені жұп-жұбымен жараттық.» («Зәриәт», 49)

Еркек немесе әйел адамның жаратылуы Ұлы Алланың ешкім де араласа алмайтын істерінен болып табылады. Біреулерді ол еркек қылып, біреуді әйел қылып жаратады, сонымен қатар біреулерге ер бала, ал біреулерге қыз бала сыйлайды. Алла Тағала айтады:

«Көктер мен жердің иелігі Аллаға тән. Қалағанын жаратады. Кімге қаласа қыздар, кімге қаласа ұлдар береді. Немесе ұлдар мен қыздарды жұп-жұбымен береді. Сондай-ақ қалағанын бедеу қылады. Күдіксіз Ол толық білуші, аса күшті.» («Шура», 49-50)

Осы жөнінде Ибн Касир былай деп жазған: «Адамдар төрт топқа бөлінеді: біреулеріне Ол қыз балаларды сыйлайды, біреулерге ұл балаларды, үшіншілеріне – ұл және қыз баланы да сыйлайды, ал төртіншілерін – бедеу қылу арқылы ештене сыйламайды, сол себептен олардың артынан ұрпақ қалмайды» (Ибн Касирдің «Тафсирі»)

Алла Тағала айтады: «Адам баласы бос қоя берілеміз деп ойлай ма? Ол, (жатырға) тамызылған бір тамшы мәни емес пе? Сосын ол ұйыған қан болды. Содан Алла жаратып бенеледі. Содан одан ер, әйел екі жыныс жаратты. Бұларды жасаған Алланың өліктерді тірілтуге күші жетпей ме? («Қиямет», 36-40)

Жаратылыстардың барлығы жұптарға бөлінуі Алланың жалғыздығының белгісі болып табылады, ол туралы Құранда былай делінген:

«Аспан мен жердің Жаратушысы. Ол сендерге жарларыңды өздеріңнен жаратты, және де малды жұп-жұбымен жаратты. Дәл осылай сендерді жатырларда көбейтеді. Оған ұқсас ештене де жоқ, және Ол Көруші, Естуші» («Шура», 11).

Бұл Алланың адамдар мен хайуандарды жұп-жұбымен жаратуының себебі, олардың санының көбейуі, ұрпақ әкелуі болып табылатындығын білдіреді.

«Сендерді көбейтеді» сөзі «сандарыңды көбейтеді» деген мағына береді. Осылайша барлық жаратылыстар ұрпақ қалдырып көбееді, тек Алла Жалғыз (Уәхид) және Біреу (Әхәд), Ол тумаған әрі туылмаған. Осы себептен де Алла жаратылыстардың Өзіне ұқсас болуларын мына сөздермен жоққа шығарады: «Оған ұқсас ештене жоқ…» Бұл Оған ұқсас ешкімнің де болуы мүмкін емес, соның ішінде ешқандай да Өзіне ұқсас некелескен жардың немесе басқа да одақтас серіктің болуы мүмкін еместігін білдіреді. Бұл жерде «Оған ұқсас…» сөзінің астарында аса күшті Алланың өзі айтылады. Ибн Кутайба арабтар «ұқсас» (мисл) сөзін әнгіме қозғалып жатқан адамға байланысты айтатындығын, сол себептен «Саған ұқсас сараң болмайды»дегенде, бұл астарлап айту болып табыладындығын және де «сен сараң болмайсың» деген мағынаны білдіретіндігін айтады. Сондай-ақ мисл сипатты білдіреді дейді. Онда бұл жерде айтылған «Оған ұқсас ешкім жоқ…» сөзі сипаттық мағынаға ие болады, және Аллаға тән сипаттар басқа ешкімге де тән бола алмайды дегенді білдіреді. Бұл сөздер Алланың барлық нәрседен жоғары екендігін білдіреді. Кейде Алланы сипаттау үшін адамдарды сипаттайтын сөздер қолданылғаныменен ешбір жаратылысқа Аллаға тән қасиет тән болуы мүмкін емес. 

Бiрiншi болып ер адам жаратылған

Алланың қалауымен бiрiншi болып ер адам жаратылған едi. Алла Тағала былай деді:

«Әй адам баласы! Сендерді бір кісіден (Адам атадан) жаратқан және одан оның жұбайын (Хауа ананы) жаратып, ол екеуінен көптеген ер, әйелді таратқан Раббыларыңнан қорқыңдар. Сол арқылы өзара сұрасқан Алладан және туыстардан (безуден) сақтаныңдар. Шәксіз Аллаһ (Т.) сендерді бақылаушы.»(«Ниса», 1)

Бұл аят ер кiсiнiң әйелге қарағанда күштiрек екенiн көрсетiп қана қоймай, әйелдiң жаратылуына себепкер болғанын көрсетiп тұр. Аллаһ тағала ер мен әйелдi арнайы қасиеттермен дараландырып, өмiрде атқару керек қызметтерiн бөлiп қойған.

Ер мен әйелдiң өзiндiк жаратылысынан тыс шығуға тырысуы көптеген қауымдардың апатына алып келген себептердiң бiрi болып табылады. Әйел адамның ер кiсiге елiктеп, өмiрде ер адамның айналысатын қызметтерін атқаруын, сондай-ақ керiсiнше ер кiсiлердiң әйелге елiктеп жүруiн адасушылыққа апаратын ең өзекті мысалдар ретінде қарастырсақ болады. Сондықтан, Исламда еркектер мен әйелдерге өзге жынысқа електеушiлiк рұқсат етiлмеген. Ибн Аббас (радиаллаһу әнһумә) жеткiзген хадисте:

«Алла елшiсi ﷺ әйелге елiктегiш еркектер мен еркекке елiктегiш әйелдердi қарғап мына өсиеттi айтқан болатын: «Оларды өз үйлерiнен қуып шығындар» (Бухари).

Осы хадистің басқа нұсқасында Ибн Аббастың (радиаллаһу әнһумә) былай айтқаны жеткізеді:

«Алла елшісі ﷺ әйелдерге ұқсаған еркектер мен еркектерге ұқсаған әйелдерге лағынет айтты»(Бухари).

Ал, Әбу Һурайра (радиаллаһу әнһ) жеткiзген хадисте былай делiнген:

«Алла елшiсi ﷺ еркектердiң киiмiн киген әйелдердi қалай қарғаса, әйелдердiң кимiн киген еркектердi солай қарғаған.» (Әбу Дауд).

Ибн Хаджар (рахимахуллаһ) айтады:«Яғни, әйелдер мен еркектер киiнгенде бiр-бiрiне елiктемеулерi керек» деп ескерткен еді. Бұл тек киiм үлгiсiне ғана қатысты емес, адамның жүрiс-тұрысына да қатысты екенiн ескере кетейiк. Алайда, әр елдiң өзiндiк киiм мәдениетi бар. Яғни, кейбiр мемлекеттерде ер мен әйелдiң киiмдерi ұқсас болуы мүмкiн. Басқа жынысқа елiктеу ерекшелiгi адам бойында туылғаннан бар болса, Ислам ол адамдарға бiртiндеп қалауларынан бас тартуды талап етедi. Ал, мойынсұнудан бас тартқан адамдарды қатаң жаза күтетiндiгi мына хадисте көрсетiлген: «Әйелдерге елiктеген еркектер басқа еркектермен немесе еркектерге елiктейтiн әйелдер басқа әйелдермен жыныстық қатынасқа түсетiндей жағдайға жеткендерді мұсылмандар үйлерінен қуылу жазасынан бетер жазалауы керек.» («Фәтх әл-Бәри», 10/333).

Неке нелiктен қиылу керек?

Алла Тағала адамды өзге жаратылыстармен салыстырғанда ерекше етiп жаратып қана қоймай, осы Әлемдегi барлық жаратылыстарға үстем етiп қойды. Алла Тағала Құранда былай дейді:

«Сол кезде Раббың періштелерге: «Мен жер бетінде өзіме өкіл-халифа жаратамын»,– деді. Сонда періштелер: «Ол жерде күнә мен бұзықтық жасайтын (жаратылыс үйлесімін бұзатын) және жазықсыз қан төгетіндерді жаратасың ба? Ал, біз болсақ, Сені әрдайым мадақтап, (бүкіл кемшілік атаулыдан) пәктеуден, (Саған құлшылық жасаудан) бір босаған емеспіз», – деп жауап қайырды. Алла Тағала: «Мен сендер білмейтін нәрселерді білемін», – деді. Сөйтті де Адамға (оған Алланың сәлемі болсын) бүкіл атауларды үйретті. Содан соң періштелерге барлық нәрсені көрсетіп: «Қане, айтқандарың рас болса, мыналардың есім-атауларын жеке-жеке атап беріңдер» деп пәрмен етті. (Уа, Алла Тағала!) Сен бүкіл кемшілік атаулыдан (мәнсіз, мағынасыз, хикметсіз нәрселерді жаратудан) пәксің, біз Өзіңнің үйреткендеріңнен өзге ештеңе де білмейміз. Шын мәнінде, нағыз Білуші һәм шексіз-қиырсыз хикметтер мен үкім иесі Жалғыз Өзіңсің», – деді. Сол кезде Алла (Адамның періштелерден артықтау жаратылыс екенін білдіру үшін): «Әй, Адам! Сен оларға анау нәрселерді өз аттарымен атап бер», – деп бұйырды. Адам (ғалайһиссәләм) оларды жеке-жеке атап шыққанда, Алла Тағала періштелерге: «Әне, Сендерге аспандар мен жердің сырлары мен құпияларын, сондай-ақ сендердің ашық айтқандарың мен іштеріңе сақтап тұрғандарыңды Мен жақсы білемін» деп айтқан жоқ па едім» («Бақара», 30-33).

Періштенің де деңгейінен жоғары тұратын осы Әлемнің наменгері болып табылатын адам баласы үшін Алла тағала ұрпақты жалғастыру, әйел мен еркектің қызметтері жайлы барлық қағидаларды ескертіп отыр. Мысалы, Алла тағала Құранда некені заңдастырып қана қоймай, некенің қиылуына қатысты барлық ережелерді түсіндіріп отыр. Құранда жазылған бірнеше аятқа қарап некенің Исламдағы рөлінің өте маңызды екенін байқауға болады.
Бұл аяттар Алла Тағаланың адамға берген ең үлкен нығметтерінің бірі. Жоғарыда айтылғандай, Құранда төмендегі іспетті көптеген аяттар бар:

«Сендерге, оған тұрақтауларың үшін өз жыныстарыңнан жұбайлар жаратып, араларыңа сүйіспеншілік, мейірімділік пайда қылғандығы да Оның белгілерінен. Сөз жоқ, осыларда ойланған елге белгілер бар» («Рум», 21).

Неке қауымдардың пайда болуына себеп болатын, әрі адамдардың арасында махаббат пен сүйіспеншіліктің орнығуына бірден-бір септігін тигізетін керемет үрдіс болып табылады. Некенің арқасында алыстағы адам жақының болса, ал бөтен кісі сүйікті жолдасың болып кетеді. Алла Тағала Құранда былай дейді:

«Ол сондай Алла, судан адам жаратып, оны ұрпақ және жегжат қылды. Раббың күшті» («Фурқан», 54).

Неке адамның қоғамдағы орның анықтаумен қатар, туысқандық қарым-қатынастарды саралауға көмектеседі. Сонымен қатар, неке әлеуметтік және экономикалық тұрғыда өмірдің негізгі элементтерінің бірі болып қана қоймай, адамның Аллаһ тағала құлшылық ету жолында берілген ең асыл нығметтердің бірі болып саналады.

Жалғасы бар… 

Нурлыбек СабыргалиевНурлыбек Сабыргалиев
9 лет назад 16045
1 комментарий
  • Абдулхамид Тахмаз: "Неке бабы" 1-дәріс 1-бөлім
    Жалғасын қалай оқуға болады...
    6 лет назад