Шейх Мухаммад Аууама: БІЛІМ ІЗДЕНУШІГЕ ҚАЖЕТТІ АЛТЫН КЕҢЕСТЕР. Жалпы кеңестер (Соңы)
Шейх Мухаммад Аууама: БІЛІМ ІЗДЕНУШІГЕ ҚАЖЕТТІ АЛТЫН КЕҢЕСТЕР. Жалпы кеңестер (Соңы)

Шейх Мухаммад Аууама: БІЛІМ ІЗДЕНУШІГЕ ҚАЖЕТТІ АЛТЫН КЕҢЕСТЕР. Жалпы кеңестер (Соңы)

Сіздердің біраз уақыттарыңызды алғаным үшін кешірім сұрай отырып, мен сөздерімді кейбір кеңестерді қысқаша айтумен аяқтағым келеді.

1) Әрбір білім талап етуші немесе оның тәрбиешісі Құран Кәрімді жаттап алу керек. Және Құран Кәрімдіөмірінің жастық шағында жаттап алу керек. Бұған өте байсалдылықпен қарау керек.

2) Маңыздылығы жоғары болғандықтан Алла Елшісінің (оған игілігі мен сәлемі болсын) хадистерін де жаттап алу керек. Және оны дәрістер мен әңгімелерден емес, кітаптардан жаттау керек.

Менің сіздерге жаттауға ұсынатын хадистер жинағым Имам Науауидің “Риядус-солихин” (Тақуалар бағы) кітабы. Бұл кітап, расында да, тақуалардың бағы. Ол кітаптың әр тарауы мұсылманның өмірінің күнделікті амалға асыратын істеріне қатысты. Ал, ол кітаптың авторы болса, өз кезегінде хадис саласының маманы ретінде ол кітаптың ішіндегі хадистердің сахихтығына (сенімділігіне) кепіл береді.

Бұдан кейін біртіндеп “Тайсирул-Усул” сияқты кітаптарға өте беруге болады.

3) Жақсы білікті ұстаз шәкіртке әр түрлі пәндер бойынша жаттау үшін кішкентай оқулық таңдағаны абзал. Бір оқулық наху (синтаксис) бойынша “Алфийя” сияқты, студент мазхабының фиқһы (құқық) бойынша бір оқулық, студенттің мазхабының усулі (қағидалары) бойынша бір оқулық, ақида (сенім) бойынша басқа оқулық т.с.с.

Менің жаттау мәселесіне қатты көңіл бөлуімнің себебі Құран Кәрім мен Сүннет студенттің өмір бойы сүйеніп өтетін нәрселері. Ол Жұмада уағыз айтуға немесе басқа бір жерде лекция оқуға ниет етсе, бір немесе екі аятты және бірнеше хадисті айту үшін аянбай ізденер еді. Егер ол бір бейресми кездесуде өзінің сөздерін қуаттау үшін белгілі бір аят немесе хадисті келтіретін болса, (жаттамаған адам) мынадай сөздер айтар еді:

«Аллаһ Тағала мағынасы осыған ұқсас нәрсені айтқан»

Бұлай айтуға рұқсат жоқ!

Немесе келесі сөздерді айтар еді (жаттамаса):

«Алла Елшісі (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) мағынасы осыған ұқсас сөздер айтқан»

Ал, бұлай айту егер айтушы адам мағынасын өзгертпей жеткізгенде ғана рұқсат етіледі. Бұл екі игі қайнаркөз — оның академиялық өміріндегі тіректері.

Бөлек сабақтар бойынша жатталған оқулықтар да ол үшін өміріндегі үлкен қосымша болады. Олар оған жеңіл түрде түрлі ережелер мен жағдайларды жатқа айтуға мүмкіндік береді. Ақпаратты мәтін күйінде, поэзия күйінде болсын есте сақтап қалу мүмкіндігі адамның табиғатынан. Мысалы, егер де Араб тілі пәні мұғалімінен иннә Һәмзасы қандай жағдайда кәсрамен, қандай жағдайда фәтхамен хәракатталатынын сұраса, Ибн Маликтің Алифийясы сияқты кітаптардан жаттап алмаған болса, оның бәрін тізіп айтып беру қиынға соғады.

Біздің көптеген аималарымыз (білім жетекшілеріміз) түрлі бағыт бойынша жазған оқулықтар жайдан-жай ермек үшін немесе бос уақытты толтыру (нағузу биллә) үшін емес, керісінше, өсіп жатқан ұрпаққа егін болу үшін және олармен бірге молаларына дейін еру үшін жасалған дүние.

4) Білім талап етуші әрдайым ғұламалармен бірге болумен қатар өз бетімен араб тілі жіне оның салалары,фиқһ және оның қағидалары сияқты негізгі пәндер бойынша сенімді кітаптарды оқи беру керек. Одан кейін ол өзі терең білгісі келетін пән бойынша кітаптарды таңдап алу керек. Ешқашан тікелей өз бетімен кітаптан білім алмау керек. Ол жайлы ескі мақал бар:

«Білімді өзін-өзі оқытумен жинаған кісіден алмаңдар Және Құранды да ұстазы жоқ адамнан үйренбеңдер»

Бұл кеңесті әсіресе келесі кеңес төңірегінде мықты ұстану керек.

5) Студент өзіне ұстазды үлкен сақтықпен таңдау керек. Ол жайында атақты табиғин Мухаммад ибн Сирин(рахимахуллаһ) былай дейді:

«Күмәнсіз, білім — діннің айрылмас бір бөлігі. Сондықтан, білімді/дінді кімнен қабылдап жатқандарыңа абай болыңдар.»

Әлбетте, зайырлы оқу барысында студентте пәндер бойынша ұстазды таңдай алмайды. Сондықтан, ол тіпті өзі қаламайтын ұстаздардың сабақтарына қатысады. Ол өзіне жеке ұстаз таңдағанда толық еркі болады және сол кезде имам ибн Сириннің (рахимахуллаһ) кеңесін мықты ұстану керек.

6) Білім жолындағы студент қандай жетістіктерге жетсе де, ешқашан өзі сенімді, атақты ұстаздардынан қол үзіп, байланысын бұзбау керек. Ол ешқашан өзіне сеніп алып немес басқа ешкімге сенуге болмайтындай сезімде болмауы керек. (Аудиосында Шейх (Алла оны панасына алсын) бір ғана диакритикалық белгінің  (дыбысты дәл көрсету үшін әріптің астына я үстіне қойылатын белгі) дұрыстығын білу үшін (әріптегі бір-ақ нүкте) үш ай күткен  шейх Абдул Фаттахтың (рахимахуллаһ) мысалын келтірді. Және ол үшін өзінің ізденісін жеткіліксіз деп санап өзінің шейхтарына айтқан. Ол الإحالة деген сөз болатын. Кейін шейх оны الإخالة болады деп түзеткен.)

7) Мен өзімнің соңғы кеңесімді сәл жасқанып, сенімсіздікпен айтамын. Бұған себеп: жақсы кеңеске деген махаббат және білім жолына түскен студент бауырларыма деген жанашырлық. Арабтар айтпақшы:

«Жақсы кеңес керемет сыйлық»

Әрбір студент өзінің рухани тәрбиесімен айналысатын бір немесе бірнеше ұстаз (тәрбиеші) табу керек. (Ислам) университтерінде қойылған жүйе студенттерді жетілдіру саласында ешқанадай жеміс бермегендігіне біздің шүбәсіз көзіміз жетті және анық түсіндік.

(Мұның аудио нұсқасында Шейх өзінің сөздерін былай бастады:  Мен мешіттердегі білім рухани тұрғыдан күшті ұстаздардан алынған заманда өмір сүрдім. Сонымен қатар, мен білім университеттерден алынған заманды да (қазіргі заман) көрдім. Бұл екеуінің арасында үлкен парық бар. Егер студент мешітте қарапайым ортада, қара  жерде отырып, дін ұстанған ұстаздардың алдында білім алған және солардың қолында өскен тақуа ұстазбен өзін байланыстырмаса,  көзделген мақсатқа ешқашан қол жеткізбейді.)

Тақуа, амал етуші, білімді ғалыммен рухани әрі мәдени байланысы жоқ университет бітірген студенттіңүммет үшін жемісті ешнәрсе істемейтінін біз өзіміздің көзімізбен қалай көрсек, жүрегімізбен де дәл солай көрдік. Олай болмаса, университеттердің мақсаты азын-аулақ білімділігі бар студентті жұмысқа орналастыру болып қалмақ.

Өзін ұстаздарына және ол ұстазын оның үстінде тұрған ұстаздарына және  оларды Алла Елшісіне (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) байланыстыратын ғалым болмаса, бұл үммет ешқашан пәтуамәселелерін шешуге қабілеті бар, әрі пәтуа беруге лайықты және білімді келесі ұрпаққа сенімділікпен тапсыратын ғалым таппайды.

Соңғы дұға

Сөз соңында шейх  Алла Елшісінің (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) келесі хадисін келтіреді:

«Алла Тағала әрдайым бұл үмметтен Өзіне ғибадат ететін адамдарды жаратып отырады».

Алла Тағаладан бізді осы қалаулылардың қатарына қосуды сұраймыз.

Біз Мәртебелі Алладан бізді солардың қатарынан қылуын және Оған қызмет етіп, Оны жақсы көретіндердің қатарынан етуін сұраймыз. Расында, Ол — бар нәрсенің қорғаушысы.

Шейх Мухаммад Аууама (хафизахуллаһу Тағала)

әл-Мәдинатул-Мунаууара

Нурлыбек СабыргалиевНурлыбек Сабыргалиев
9 жыл бұрын 3834
1 пікір
Блог туралы