Көрнекті жазушы Төлен Әбдік шығармасындағы дін тақырыбы!
Көрнекті жазушы Төлен Әбдік шығармасындағы дін тақырыбы!

Әдебиет- дін туралы!

Қазақ әдебиеті кітапханасы!

Төлен Әбдікұлы

   Қазақ әдебиетінің проза жанрына «Парасат майданы», «Оң қол» атты әңгімелерімен қосылған Төлен Әбдіктің шығармаларымен жақсы таныспын. Бірақ, Кеңес үкіметі тұсындағы «қылышынан қан тамып тұрған» атеистік саясаттың құрбанына ұшыраған қазақтардың өз діндеріне қалайша бекем болғандығын суреттейтін «Таласбай» атты шығармасын ерекше ұнаттым. Енді, сіздермен бөліскім келіп отыр.

  Әңгімені Төлен аға: « ...Біздің ауылда Таласбай деген молда болды», («Парасат майданы», 585-бет. Алматы,Раритет, 2012) -деп бастап әңгімелейді.  Енді, Кеңестік жүйе тұсында мыңдаған мешіттердің талқандалып, қожа-молдалар тұтқындалып, атылатындары атылып жатқанда діни сенімді өмірлерінің мәні деп ұққан қанша мың адамның рухани қасіретті бастан кешкенін әнгімесіне кіріспе қылады жазушы.

   Төлен ағаның анасы Рәзия апа өте Аллаға деген иманы берік, дініне қатты тұрғаны да белгілі. Қуанса да, күйінсе де Алланы ауызынан тастамаған. Аллаға деген махаббат!!!

  Таласбай деген ауыл молдасы өте сауатты, қырағаты дұрыс, ауыл беделдісі.  Ауылындағы өзге молдалардан, әсіресе Мейрам имамнан Құранды тәртилімен оқуда оқ бойы озық. Төлен аға ол кісі туралы мынандай бір әңгіме естіпті.

    «Таласбай бұрын ауылда мешіт ұстаған жан. Бірақ, қуғын-сүргін кездерде айдалып, Колыма жақтағы лагерге  барады. Жұмсақ, тілалғыш, жұмысқа тыңғылықты Таласбайды надзирательдер сыйлайтын. Ел қиыншылық көріп жүрсе де, салт-дәстүріне жүрдім-бардым қарамайтын. Жаназа шығарылып жатқанда ыңылдап Құран оқитын. Надзирательдер мазақ қылатын. Бірақ Таласбай сөзін өткізіп, жаназа шығып жатқан жерге барып қырағат қылуға рұқсатын алады. Барып әдемі әуезді дауысымен қабір басында «Ясин» сүресін аяғына дейін оқып шығады. Жұрт тым-тырыс. Ауыздары ашылып, «осындай сауатты имам арамызда бар екен ғой» дегендей таң қалысып жатты.  Таласбай Құран оқып отырып, көз жасын тыя алмады. (Сонда, 587-бет) Көмейден шыққан дауыс барған сайын айбаттанып, жер дүниені күңірентіп бара жатқандай». Құранға деген махаббат!!!

     Осы жерде Төлен ағаның мына сөздері мені ойландырды:  «Марқұмның алдынғы жақта  отырған туысқандары да үн-түнсіз көз жастарын тұншыға жұтумен болды. Мұсылман дәстүрінде  дұға оқып отырған кезде жылауға болмайды. Көзжасы ризашылықтың жоқтығының белгісі.  ПЕНДЕ БАЛАСЫ ҚҰДАЙДЫҢ БҰЙРЫҒЫН МОЙЫНДАУ АРҚЫЛЫ ӨМІРІНДЕ МАҒЫНА ТАБАДЫ. ҚҰДАЙҒА БАҒЫШТАЛҒАН ҚҰЛШЫЛЫҚТЫҢ ҚАШАН ДА АРТЫ ҚАЙЫР. ҚАЗАҚ ҚҰДАЙДАН ӨЛГЕНІМДІ ТІРІЛТІП БЕР ДЕП СҰРАМАЙДЫ.АРТЫНАН ҚАЙЫРЫН СҰРАЙДЫ». Тағдырға деген иман мен сабыр!!!

   Таласбай Құран оқып болған соң: «Осы дұғаны марқұм Иманбай ұлы Смайылдың аруағына бағыштадық.Жатқан жері жарық, иманы саламат болсын. Я,Ұлы Алла! Бұл дұғаны басқа да барша аруақтарға, пайғамбарлар мен сахабаларға, шейіттер мен әулиелерге, бізден құраннан дәм етіп жүрген жандардың рухтарына бағыштадық. Марқұмдардың жалғанда пендешілікпен жіберген қателіктері болса, кешірім жасап, қабір азабынан құтқара гөр!»,- деп дұға етіп, бетін сипайды. (Сонда, 589-бет) Осы дұғаны қылған соң, «имамды халық өзі асырайды» демекші, жамағаттан жасы үлкен қария  оны үйіне алып кетіп,  дастархан жайып, қона қып күтті. Мені осы жерде қатты таңқалдырғаны: «Қорлыққа да, зорлыққа да ет үйренеді.Үйрене алмайтының – жүректі қыжылдатқан бір сағыныш. Құранның АЯТТАРЫН, СҮРЕЛЕРІН САҒЫНДЫМ»,- деген Таласбайдың сөздері. (Сонда, 589-бет). Шынайы тақулық!!!

     Кейін,түстеніп болған соң, оны көлікпен апарып тастамақшы болады. Әбекеңнің ұлы Бейсенбай оған «жаназаның құдайы садақасы» деп серке беріп, құрмет көрсетеді. Содан, ол серкені абақтыға апарып, сойып, жанындағыларды тойдырады, Тәкең сөйтіп сотталып жүріп, арада сыйлы жанға айналды», -деп аяқтады өз сөзін Төлен аға.  Артынан Таласбай ауырып, соқыршектен қайтыс болғанын естиді. (Сонда, 592-бет). Байқап отырсақ, әдебиетте діни әңгімелер аз болса да, әр шығармадан шариғаттың иісі аңқып тұр. Тек түсіне білу керек. Қазақ халқы ежелден шариғатта сауатты болған.Тек тарих қана бұл диалеммаға орынды бағасын бере алмай жатыр.

   Осы шағрманы оқып отырып, мені қазақ әдебиетінде ислами әңгіме мен романдардың орны қатты ойландырды. Әдебиетке де діни «феноменді» сыйға тарту керек деп ойлаймын. Қазақ әдебиеті діни әңгіме-романдарға зәру. Менің ойым – осы! Сіз не дейсіз, оқырман?

Сабырғалиев Нұрлыбек

Нурлыбек СабыргалиевНурлыбек Сабыргалиев
8 жыл бұрын 5699
4 пікір
  • Ассалямуалейкум Саттар аға.
    1) Ия, Абай хәкімнің образы жоқ. Бірақ әрине бұл ислами маселелерде. Ал өзге дінге қатысы жоқ дүниелерде Мұхтар Әуезов фактыға сүйенген. Дегенмен, Абайдың өз әкесі Құнанбайға қарсы шығуы, Құнанбайдың озбырлығы, т.б. Мысалы, Мұхтар Әуезов Құнанбайды қатал әрі озбыр қып көрсеткені үшін қабіріне барып кешірім өтінгені айтылады. Себебі, егер исламды насихаттаса кітап жарыққа шықпайтын еді.
    2) Түріктердің кейбір жазушылары Назым Хикмет, Мехмет Алагашпен таныспын.Шығармаларын оқыдым. Мехмет Алагаштың "Маңдайдағы жұлдызым" және "Тірілерге үндеу" атты қос шығармасы дін тақырыбында жазылған іргелі еңбек. Дегенмен, ойыңызға қосылам. Әлі де аз.
    8 жыл бұрын
  • орхан памукты оқып көрші, сондай-ақ, діни тақырыпта жапондар алда, батыс әдебиеті інжілмен астасып жатыр ғой, түп негізін діннен алған. десе де, әуезов - ұлы суреткер, әсіресе, оның "қорғансыздың күні", бақыткәрібаеваның "әуезов - әлемдік тұлғаә деп аталатын мақаласын оқысаң, терең тәпріслеген, шынымен де қандай шедеврді тудырғанын түсінесің, әлемде "қорғансыздың күніндей" дүние некен-саяқ
    8 жыл бұрын
  • Е қазақтың жігіттері осылай бір -біріңді қолдап, бір-біріңе бағыт бағдар беріп, сөз соңын тоса сөйлеп жүрсеңіздер қандай жақсы,
    8 жыл бұрын
Блог туралы